kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қалалық саябақтағы жазғы арбат

Жаз – ыстық кез. «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаңа ұрпақ» жобасын іске асыру аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жазғы арбат» өткізілді. Қаламыздың қосымша білім беру мекемелері шығармашылық аллеясында өз жұмыстарының көрмесін жасады. 500-ден астам ұлдар мен қыздар мастер-кластарға қатысып, классикалық және заманауи музыкалық туындыларды тыңдап, өз қолдарымен түрлі заттар жасай алды. Оқушылар техникалық, сурет және қолданбалы шығармашылықтың көрмесін тамашалады.

Техникалық шығармашылық мектебі бисер, қол сандық, гүлдерді жасау бойынша мастер-класс берді. Балалар сурет мектебі оқушыларға сурет салуды үйретіп, қонақтардың портретін жасады. Шығармашылықтан өзге балалар ролик, велосипед, скейтборд, роликтерді теуіп, «көңілді старттарда» спорттық жарыстардан өтіп, күлдіргішпен бірге қызықты ойындар ойнады.

Жас баяншы, гитарист, домбырашылар өздерінің үздік әуендерін ортаға салды. «Жазғы арбат» қатысушылары өткізілген күннен алған әсерлерін сурет ретінде қағаз бетіне түсіріп, ілінген жіпке ілді де, осылайша шығармашылық жұмыстардың жанды көрмесін жасады.

 

«Қайнар» ББУҚК

әдістемелік бөлімінің меңгерушсісі

Зеленкевич Наталья 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза