Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



БАСПАСӨЗ – МӘСЛИХАТЫ

КТК телеарнасының Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ТЖ министрі В.К. Божконың қатысуымен өткен брифинг қорытындысына қарай таратқан ақпаратына байланысты  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мынаны хабарлайды. Министрдің сөйлеген сөзінде, сондай-ақ оның сұрақтарға берген жауаптарында «спасение утопающих – дело рук самих утопающих» деген сөз айтылған жоқ. Осы брифингтің толық жазбасын мына сайттардан: http://kaztube.kz/ru/video/136068, ttp://www.youtube.com/watch?v=KIKxuteOZDg&list=UUB8Fk28jdzWpemE2hl2PYMA, http://www.youtube.com/watch?v=gUHSfDjTPAE&list=UUvb_n8CB9QjMTJ6_FntRtlw, http://bnews.kz/ru/videonews/post/217556/ көре отырып, көз жеткізуге болады.

Сонымен қатар, 2014 жылғы 17 шілдеде болған КТК арнасындағы кешкі жаңалықтарда «үкімет судағы қауіпсіздік қағидасын жаздың соңына дейін қабылдауға уәде беруде, ол кезде жағажай маусымы аяқталады да» деп айтылды. Алайда, ҚР ТЖ Министрі сұрақтарға жауап бере отырып, нақты аталмыш қағида қабылданатын күн – ағымдағы жылғы 22 шілдеде Үкіметтің келесі отырысында деп айтты.

Су қоймаларында балалардың қаза болуы фактілеріне байланысты ТЖМ-ның әрекетсіздігіне іс жүзінде күнә таға отырып, www.ktk.kz сайтында жарияланған ақпараттың тақырыбы да ерсі.

ТЖМ жұмысы туралы ақпаратты үнемі әдейі бұрмалау наразылық тудыруда әрі біз оны қорқыту және ҚР ТЖМ басшылығына ықпал ету деп білеміз. ТЖ министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуде және әлі де белсенді түрде күреспек, сондай-ақ пара алып, құтқарушы деген жоғары атаққа лайық емес адамдар жұмыстан босатылатынын айтады.

Осыған байланысты ҚР ТЖ министрлігі айтылған ақпаратты теріске шығаруды талап етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» № 451-І Заңы (2014 жылғы 17 қаңтардағы жағдай бойынша өзгерістерімен және толықтыруларымен) 25- бабының 1-тармағына сәйкес «Азаматтардың немесе ұйымдардың (мемлекеттiк органның, азаматтардың қоғамдық, шығармашылық, ғылыми, дiни не өзге де бiрлестiгiнiң және заңды тұлғалардың) ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi тарату, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сотқа ықпал жасау Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын» ескертеді.

 

ТЖМ баспасөз- қызметі