Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



әлеуметтік-экономикалық даму

Екібастұз қаласы

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

 

 

1. Жалпы мәлімет

         Екібастұз өңірі 18,9 мың шаршы километр аймақты алып жатыр, оның аумағында 8 ауылдық округтер,  2 кент және 3 ауыл (барлығы 27 ауылдық елді мекен) орналасқан.

        Екібастұз өңірінің тұрғындары  153,1 мың адамды құрайды (9,6 мың адам ауылдық округ тұрғындары).

        Екібастұз өңірінің әкімшілік орталығы  Екібастұз қаласы болып табылады, Павлодар қаласынан 144 шақырымда орналасқан.

 

 2. Ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

   

Өндіріс

Екібастұз өңірінің экономикасының басымды саласы  өнеркәсіп болып табылады.

         2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен болжамды мәліметтер бойынша  354 787,1 млн. теңгеге өнім өндірілген, нақты көлем индексі 119,6% құрады.

                   Қаланың кен  өндіру өнеркәсіптерімен 186 796,7 млн. теңгеге өнім өндірілді немесе 2015 жылдың ұқсас кезеңіне 147,8%, қайта өңдеу өнеркәсібінде – 46 824,2 млн теңгеге немесе 2015 жылдың ұқсас кезеңіне 85,4%. Өнеркәсіптік өнімі өндірісінің  құрылымында  электрмен қамтамасыз ету, пар және ауамен кондицирлеуде  118 562,8 млн теңгені құрады немесе 2015 жылдың ұқсас  кезеңіне 100,2%. Сумен жабдықтау кәсіпорындарымен сомасы 2 603,5 млн.теңгеге өнім өндірілді немесе 2015 жылға қатысты кезеңде  90,3%.

                 

         Ауыл шаруашылығы

         Екібастұз қаласының ауылдық аумағын 27 ауылдық елді мекен анықтайды, онда 26 мектеп, 2 мәдениет үйі, 14 клуб және 18 медициналық пунктер жұмыс істейді.

                   27 ауылдық елді мекендердің 1 ауылы әлеуеті жоғары (Ә.Марғұлан атындағы ауыл), 21 АЕМ-орташа әлеует және 5 АЕМ төмен әлеуетімен анықталған.

 

 

         Мал шаруашылығы

        Ірі қара мал басы 33050 басты құрайды (өсімі 2015 жылғы деңгейге 0,3%) соның ішінде сиыр саны -18493 бас (өсімі 5,0%), қой және ешкі 47127 бас (1,6% төмен), жылқылар – 13489 бас (өсімі 17,6 %), құстар – 19120  бас (өсімі 1,4%).

         2016 жылдың  қаңтар-желтоқсан айларында ет өндірісі – 5325,3 тоннаны құрады (өсімі 4,2%), жұмыртқа 2315,8 мың дана (өсімі 0,6% ), сүт 22575,5 тонна (өсімі 1,9%).

 

         Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау және қайта өңдеу

           Өңірде ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша 27 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде нан –тоқаш өнімін шығару бойынша 13 кәсіпорын, 8 кондитерлік цех, макарондық өнімдерді шығару бойынша - 1 цех, сүтті қайта өңдеу бойынша-1, етті қайта өңдеу кешені-1,  1 диірмен, теріні қайта өңдеу бойынша -2 цех.

         Екібастұз өңірінде 28 дайындау пунктері жұмыс істейді (сүт бойынша - 15, ет бойынша - 12 және тері мен жүн жинау бойынша - 1).

Дайындау пунктерімен 2017 жылдың 1 қаңтарында 5221,8 тонна сүт, 1863,6 тонна ет,  9568,3 мың дана жұмыртқа,  11246 ІҚМ терісі, 16270 қой терісі және  2850 жылқы терісі дайындалды.    

 

         Шағын кәсіпкерлік

2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша қолданыстағы кәсіпкерлік субьектілерінің саны  8482 бірлікті құрады, оның ішінде 1453-шағын және орташа заңды тұлғалар,  6790- жеке кәсіпкерлер, 239 шаруа қожалықтары.

Шағын бизнестің белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 2017 жылдың 1 қаңтарында 722 бірлік (2015 жылы -692 бірлік).

         Шағын бизнес субьектілерімен айналысатындар саны (заңды тұлғалар) 6260 адамды құрайды (кәсіпкерлік бөлімі мәліметі бойынша).

Салық және басқа міндетті төлемдер көлемі барлық бюджет деңгейлеріне шағын және орта бизнес субьектілерінен 2017 жылдың 1 қаңтарында 22 075,8 млн теңгені құрады.  

 

Инвестициялар

         2017 жылдың 1 қаңтарындағы негізгі капиталға инвестициялар  214 953,2 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 82,7% құрады.

          Өндірісте негізгі капиталға салалық құрылымдардың инвестициялары пайдалану бағыты бойынша ең көп үлесі жалпы инвестиция көлемінің 92,3% қайта өңдеу өндірістеріне келеді 63,6%, электрмен жабдықтау кәсіпорындарымен   жалпы инвестиция көлемінің 23,6% пайдаланды. Кен өндіру өнеркәсіптерімен және кен орнын құрумен 4,2% пайдаланылды. Инвестициялар техникалық қайта жабдықталу және өндірісті жарақтауға бағытталған.

Технологиялық құрылымда инвестициялар 33,1% машина, жабдықтар, құралдар, інвентар шығындарын, 61,9%- ғимараттар мен құрылғылардың құрылысы және күрделі жөндеуі бойынша  жұмыстарға, 5,0% басқа күрделі жұмыстар және шығындарды құрады.

 

 

Әлеуметтік сала

Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздардың саны 398 адамды құрайды.

Еңбек делдалдығы үшін  жұмыспен қамту бөліміне 3045 адам өтініш жасады, 2704 жұмыссызға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді.

2147 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде тұрақты жұмыс орындарына - 1701 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 316 адам, жастар тәжірибесіне – 130 адам.

Қоғамдық жұмыстарға 435 жұмыссыз жіберілді.

Құрылған барлық жаңа жұмыс орындарының саны 3550, сонымен қатар тұрақты - 2443, уақытша - 1107.

2017 жылдың 1 қаңтарына арналған жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік көмек келесі түрде көрсетілді:

             - кедейлік шегіне дейін үстемақылар –2021,0  мың теңге сомасында  64 адамға (21 отбасына);

             - тұрғын үй көмегі –34932,0 мың теңге сомасында 1828 отбасына;

             - балалар жәрдемақылары – 6306,1 мың теңге сомасында 456 балаға (218 отбасына).

2016 жылдан бастап «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы шеңберінде халықты әлеуметтік қолдау мақсатында 163817,0 мың теңге сомасына төлемдер жүргізілді, әлеуметтік көмекпен қамтылған азаматтардың саны 10720 адамды құрады.

 

Білім беру

Екібастұз өңірінің білім беру жүйесінде 48 жалпы білім беру  ұйымдары бар, соның ішінде: 1 қосалқы және көп салалы көп тілді  мектеп, 

42- орта мектеп, 2 негізгі және 4 бастауыш мектеп. Мектептердің жалпы санын алғанда 24 мектеп мемлекеттік тілде оқытса, 16  аралас мектеп, 8 мектеп орыс тілінде оқытады.

Өңір мектептерінде  барлығы 19718 оқушы оқиды, соның ішінде ауылдық жерлерде 1202 адам.

Өңірдің жалпы білім беретін мектептерінде 1835  педагог жұмыс істейді (ауылда 443). Жоғары білімді  педагогтар саны 1582  адам немесе педагогтардың жалпы санын алғанда 86,0 % құрайды. 

Барлық 48 мектеп Интернет желісіне қосылған  (қамтылуы - 100%). 1 компьютерге 6 оқушыдан келеді.

 «Үміт» балалар Үйі, кәмелетке толмағандарға арналған Баспана, психологиялық-медициналық- педагогтық консультация, 4 мектептен тыс ұйым, 7 колледж және 1 институт жұмыс істейді.

Оқу  жылының басынан 18543 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген (былтырғы оқу жылында- 17729  оқушы ), соның ішінде  1636 оқушы тегін тамақпен қамтылған (өткен жылдың тиісті кезеңінде 1345 оқушы ).

25 бала бақша бар, оның ішінде  4-уі қазақ тілінде тәрбие және білім береді, 21 қазақ және орыс тілінде. 2 ауылда- (Шідерті к.№11 бала бақша, Солнечный к. №17 бала бақша).

Сонымен қатар 21 шағын орталық бар.  

 1 жастан  6 жасқа дейінгі  балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту  75 %-ды құраса, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 92% және  3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту  100 -% құрайды.

 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілердің саны 7665 адамды құрайды, ауылдық аймақтағы мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілердің саны 321 баланы құрайды.  Ауыл аймағында мектепке дейінгі біліммен қамту  100-% ды құрайды.

 

Денсаулық сақтау

         Екібастұз қаласында медициналық қызметті 7 мемлекеттік ұйым көрсетеді. Ауылдық жерде 4 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-аккушерлік пункт (ФАП), және  18 медициналық пунктер жұмыс істейді.

Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде 348 дәрігер және 984 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.

2017 жылдың 1 қаңтардағы  туылған саны 2371 нәрестелерді құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 8,3% кем.

Тіркелген өлім-жітім саны 539 адам, 2015 жылға қарағанда 5,3% көп.

         2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айында демалыс ағзасы туберкулез ауруының 67 жағдайы анықталды (2015 жылы - 75), сифилис ауруының 16 жағдайы анықталды (2015 жылы - 19).

 

Мәдениет және спорт

        Мәдениет мекемелерінің жүйесін: 26 кітапхана, 3 мәдениет үйі,19 клубтық типті мекеме, 1 мұражай, 1 мұрағат , 1 кинотеатр құрайды. Қалада 123 шығармашылық ұжымдар жұмыс істейді, онда 3560 адам шұғылданады. 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша  3003 мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Қамтылу 316719 адамды құрады.

         5 балалар спорттық мектебі жұмыс істейді, онда қатысатын балалар саны 5241 мың адамға жетеді. Барлығы 274 спорттық құрылыстар бар, соның ішінде 3 спорттық кешен, 1 стадион, 66 спорт зал, 5 қауыз, 18 ату тирі, 1 ипподром, 133 жазықтық құрылғылар,  6 бильярд, 1 боулинг, 6 теннис корты, 20 қосалқы спорттық залдар, 1 тау шаңғы базасы, 13 хокей корты.

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Екібастұз өңірінде 190  Республикалық, облыстық, қалалық  деңгейде спорттық түрлерінен 45500 адамды қамтумен жарыстар өткізілді.

 

Бюджет    

Екібастұз қаласының бюджет көлемі 2016 жылда 19484,1 млн теңгені құрады, соның ішінде жалпы бюджет көлемі трансферттердің үлес салмағы 16,8% немесе 3277,9 млн теңге.

         2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша өз кірістері сомасы 13143,2 млн теңге жұмылдырылды, жоспар 12861,9 млн теңге, орындалу 102,2% құрады.

         2017 жылдың 1 қаңтарындағы жалпы түсімдер көлемі жоспар 19484,1 млн теңге, 19766,6 млн теңгені құрады, орындалу 101,4%.

Бюджеттің шығын бөлігі  99,8% орындалды, жоспар  19484,1  млн теңге, нақты орындалу  19441,5 млн теңгені құрады.

Қалалық бюджетке берешек 2017 жылдың 1 қаңтарында 919,5 млн  теңгені құрады (721,1 млн теңге-ЖТС, 56,9 млн теңге-мүлік салығы, 100,5 млн теңге- көлік салығы, 34,7- млн теңге- жерді пайдалану төлемі, 5,7 млн. теңге-жер салығы, 0,5 млн теңге- ішкі (визуалды) жарнаманы орналастыру төлемі).

 

 

 Бөлім басшысы                                                    І.Сәрсенбаев