Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Баспасөз-релизі

2014 жылғы 10 шілде                                                                             Астана қ.

 

 

Жылдың басынан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі 44 адам жұмысқа орналастырылды

 

Республиканың Халыққа қызмет көрсету орталықтары мүмкіндігі шектеулі адамдарды ХҚКО-ға жұмысқа тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Бүгінде осындай қызметкерлердің саны 142 адамды құрайды, ал жылдың соңына дейін оның санын 200 адамға дейін арттыру жоспарланып отыр.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы жұмыс – бұл ең алдымен клиенттермен жұмыс жасау. Мұндай жұмыс жауапкершілік, коммуникабельділік, ымыраға келу сияқты ерекше жеке бас қасиеттерін талап етеді.  Әдетте, мүмкіндігі шектеулі адамдар осы барлық қасиеттерге ие жақсы қызметкерлер болып келеді. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі үш адам ХҚКО-да басқарушы лауазымда жұмыс жасауда, жүзден астам адам – ХҚКО мамандары мен инспекторлары. Болашақта ХҚКО-да осындай қызметкерлер саны тек қана артады деген үміттеміз» - деп атап өтті «ХҚКО» РМК бас директорының орынбасары Әсемгүл Балташева.

 

Әсемгүл Балташеваның айтуынша, осындай қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне қызметті алуға өтініштер қабылдау, өтініштердің дұрыс толтырылуын және құжаттар топтамасының қалыптастырылуын тексеру, өтініш иелеріне дайын құжаттарды беру және т.т. жатады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар реттеу залдарында ғана емес, сондай-ақ жинақтау секторы мен дайын құжаттарды беру секторында да жұмыс істейді.

Мүгедек-қызметкерлерге ХҚКО-да қысқартылған – аптасына 36 сағаттан аспайтын  жұмыс уақыты көзделген. Осылайша, мүгедектігі бар ХҚКО қызметкері жұмыста күніне 6 сағаттан аспайтын уақыт өткізеді.

            Сондай-ақ, Елбасшының халықтың кеңінен таралған тобының мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша алға қойған міндеттерін орындау шеңберінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында  мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтер алуы үшін қажетті жағдайлар жасауға баса назар аударылып жатқандығын атап өту керек. Бұл үшін әр ХҚКО-да мүмкіндігі шектеулі адамдардан құжаттар қабылдау үшін жеке жұмыс орындары бөлінді, сондай-ақ пандустар мен шақырту батырмалары орнатылған.

1 және 2 санаттағы мүгедектерге мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы мобильдік топтар жұмыс жасауда. Осындай мобильдік топты шақырту үшін адамға 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет. Айтпақшы, 2014 жылғы 6 айға мобильдік топтар 5 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.