Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Физикалық даярлау бойынша балалар мен жасөспірімдер клубы

Физикалық белсенділік – салауатты өмір сүрудің негізгі ұстанымдарының бірі, ағзаның дамуы мен жетілуінің шарты. Аз қозғалысты өмір күйімен күресуге дене шынықтыру мен спорт септігін тигізеді.

Екібастұз қаласындағы «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде физикалық даярлау бойынша балалар мен жасөспірімдер клубы белсенді жұмыс атқаруда. Клуб Екібастұз өңіріндегі спорттық-көпшілік және сауықтыру жұмысының орталығы болып табылады.

   Көпшілік физикалық мәдениет және спортты дамытудың міндеттері – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, түрлі спорттық жарыстарды өткізу арқылы дарынды балаларды анықтау.

         2013-2014 оқу жылында спорттың түрлері бойынша 50-ден астам қалалық жарыстар өткізілді: былғары доп, баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, жазғы президенттік көпсайыс, шахмат ойнау, үстел теннисі, ұлттық ойындар (тоғыз құмалақ, қазақша күрес, асық ойнау). Сәуір айынан бастап волейбол және былғары доптан мектепшілік лига өткізілуде.

2014 жылдың жазғы айларында «Спорттық жаз – 2014» атты балалар мен жасөспірімдер арасында спорттық-көпшілік және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кешенді бағдарлама жасалды. Аталған бағдарлама төрт блоктан тұрады және сауықтыру, демалыстың түрлі бағыттарын қамтиды:

1 блок – кешкі уақытта спорттық ойын алаңдарын ұйымдастыру;

2 блок – спорттың түрлері бойынша спорттық мерекелер мен жарыстарды ұйымдастыру;

3 блок – Спартакиаданы ұйымдастыру;

4 блок – кеңестік-әдістемелік жұмыс.

Спорттық ойын алаңдары жазғы уақытта мектептер жанында ұйымдастырылады. Жазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің белсенді демалысын, сауықтыру және бос уақытты қамту  - бос уақытты қамтудың негізгі аспектілерінің бірі болып табылады.

  Маусым айының басында спорттық ойын алаңдарының ашылуы бойынша мереке өткізілді. Жеке жоспар бойынша көңілді старттар, спорттық эстафеталар, спорт түрлері бойынша кездесулер өткізіледі.

          Отбасылық ойындар – ең қызықты спорттық іс-шаралар. Қалалық мектептерде аталмыш мерекелерге 50 отбасы қатысты.

          Балалар мен жасөпірімдердің спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ақпараттық мектеп газеттері шығарылып, стендтер әзірленеді, флеш-моб акциялар өткізіледі.

         Қазіргі әлемде өмір сүру үшін адам дене, жан-дүниесі және ақылына бақылау жасау керек. Өйткені мықты рухпен кез келген жетістіктер мен биіктерге жетуге болады.

 

 

Дене тәрбиесі жөніндегі

балалар-жасөспірімдер клубының меңгерушісі

Әсемгүл Мұқашева