Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз басшысы мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

 Бүгін, Мемлекеттік қызметшілер күні Екібастұз қаласының әкімі бұл саланың жұмыскерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

- Мемлекеттік қызмет ету қоғам мен мемлекет жағынан көрсетілетін ерекше сенімділік болып табылады.  Аймағымыздың тиімді дамуы сіздердің шеберліктеріңізге, жоғары деңгейдегі өнегеліктеріңізге, таңдалған іске деген адалдықтарыңызға, отаншылдықтарыңызға, заңдылықты шүбәсіз ұстануларыңызға  байланысты. Сіздердің арқаларыңызға екібастұздықтардың болашағы мен олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды орындаудағы жауапкершілік жүгі жүктелген, - деді  Александр Вербняк.

Құттықтау сөзден кейін Александр Федорович салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Мемлекеттік қызмет саласындағы адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен қалалық мәслихат аппаратының бас маманы Әсемгүл Әйтімова, мемлекеттік қызмет ардагері Ермек Қасымов, қала әкімі аппаратының шаруашылық меңгерушісі Галина Макарова, қаржы бөлімінің бас маманы Сәния Назарова марапатталды. Екібастұз қаласы әкімінің Алғыс хаты Мадина Ахметзяноваға, Сәукен Сеиілхановқа, Бауыржан Бозтаевқа, Самал Байғожинаға, Сәуле Дүйсекеноваға және Рауза Оспановаға табыс етілді.

Сондай-ақ, 2013 жылдың  қорытындысы бойынша әкімдік бөлімдерінің ең үздіктері анықталды. «Жоғары тұрған органдардан түсетін актілер мен тапсырмаларды орындау бағытында ең үздік мемлекеттік мекеме» номинациясы білім бөліміне берілді. «Мемлекеттік қызмет көрсету бағытында ең үздік мемлекеттік мекеме» болып халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі аталды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімінің бас маманы Салтанат Нұркенова «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты бақылау бойынша ең үздік мемлекеттік қызметші» номинациясына ие болды.  «Үздік аудармашы» номинациясында ауыл шаруашылығы бөлімінің инспектор-аудармашысы Рахима Камарова марапатталды. Жер қатынастары бөлімі «Қала әкімінің және әкімдігінің актілерімен жұмыс жасау бойынша ең үздік мемлекеттік мекеме» номинациясында жеңімпаз атанды.

Салтанатты жиналыстың ресми бөлімі аяқталған соң көрермендердің назарына мемлекеттік қызметшілердің күштерімен ұйымдастырылған концерт ұсынылды.

Бүгінгі таңда  Екібастұз аймағында 241 мемлекеттік қызметші еңбек етеді, оның 157-і әйелдер.