Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014 жылдың 20 маусымында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

           2014 жылдың 20 маусымында Екібастұз қаласы әкімдігінің кіші залында  қала әкімі  Александр Вербняктың төрағалық етуімен   мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.

         Отырыстың жоспарына сәйкес Екібастұз қаласында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің мемлекеттік тіл саясатының жағдайын зерттеу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқу мекемелеріне, кәсіпорындарға шығудың қорытындысы жөнінде талқыланды.

         Күн тәртібінің мәселесі бойынша мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айжан Жұмабаева мен тексерілген кәсіпорындардың, мекемелердің жетекшілері сөйледі.

          Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында жұмыс тобының мүшелері қалалық ауруханаға, емханаларға,  № 12, Шідерті орта мектептері және № 9, 11 бала бақшаларға барған.

Айжан Хамзақызының айтуынша, денсаулықты сақтау кәсіпорындардың ішінде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына, тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес № 3 емхананың іс-әрекеті  жүйелі жүргізіледі, ал «Екібастұз қаласының № 2 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны салғырттық көрсеткені анықталды. Бұл кәсіпорында шығыс құжаттарының көбі ресми тілде шығып, мемлекеттік тілді оқыту курстары ұйымдастырылмаған, кабинет жабдықталмаған, жұмыс жоспары жоқ. Көрнекілік ақпараттар екі тілде ресімделгенімен, орфографиялық қателер кездеседі.

           Тексерілген білім беретін оқу орындарында мемлекеттік тіл бағдарламасын жүзеге асыруда жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

           Мәжілістің барлық мәселелері қаралып, тапсырмалар берілді.