kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Құқық бұзушылық профилактикасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның отырысы

          2013 жылдың 4 сәуірінде Екібастұз қаласы әкімдігінің кіші залында  қала әкімі  Александр Вербняктың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді.

Отырысқа қалалық ведомствоаралық комиссияның мүшелері мен қаланың мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес мемлекет кірісіне әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың жай-күйі, Екібастұз қаласында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша жұмыстың жай-күйі және нәтижелері, жасөспірімдер қылмысын төмендету бағытында қабылданатын шаралар және олардың тиімділігі туралы мәселелер талқыланды.

Күн тәртібінің мәселелері бойынша  Екібастұз қаласы прокуратурасы бөлімінің бастығы Дулат Бейсембаев пен Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Ади Данияров сөз сөйледі.  

            Отырыстың барлық мәселелері қаралды. Қала басшысы отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелер жөнінде нақты тапсырмалар берді.      

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза