Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұздағы балалар мен жасөспірімдер туризмі

Екібастұз қаласындағы балалар мен жасөсіпірмдер туризмі тұлғаны тәрбиелеудегі бірегей модель, сауықтырудың тиімді технологиясы және спорттың ең қолжетімді түрі болып табылады. Туризм табиғатпен сырласу, нашақорлық пен зиянды әдеттерді жоққа шығару, бос уақытты ұйымдастыру, табиғаттағы жүріс-тұрыс мәдениетін дамытуды қамтамасыз етеді.

 «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде «ЗЮВС» туристік клубы белсенді жұмыс атқарады, онда 37 жасөспірім дәрежелі, ал 3 – спорт шеберіне кандидат. Аталмыш клубтың сабақтары кәсіби скалодромда өткізіледі. Скалодром альпинизм бойынша техникалық әдістерді үйрену, құзға шығу, тау туризмі, туристік-қолданбалы туризмді меңгеру бойынша станциялармен жабдықталған. Секция спортсмендері спорт және тау туризмі бойынша жарыстарға қатысады. Осы оқу жылында Павлодар қаласындағы жүргінші туризм бойынша ашық біріншілікте, жасанды рельефтегі тау туризмінің техникасы бойынша облыстық жарыста, Қазақстан Республикасының Кубогына жарыстарда, «Туризм нашақорлыққа қарсы» акциясы аясындағы Павлодар қаласында ашық біріншілікке, ҚР Чемпионатына, «Горизонт» кубогына көкжиектік жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленді.

Жарыстардан басқа, секция жасөспірімдерді таулы-туристік спорттық саяхаттарға дайындайды, 2014 жылдың 4-13 мамыр аралығында клубтың 18 тәрбиеленушісі Іле Алатауы бойынша күрделілігі бірінші дәрежелі таулы саяхаттарға қатысты. Туристерді дайындау үшін туристік дағдыларға үйретудің білім жүйесі ұйымдастырылған. Дәріс, техникалық және жалпы физикалық сабақтар өткізіледі. Саяхаттарға шығар алдында білім мен дағдылардың бақылауы өткізіледі.

Балалар мен жасөпірімдер туризмінің дамуындағы негізгі көрсеткіштер оқушыларды қамту болып табылады. Соңғы үш жылда аталған көрсеткіш Екібастұз өңірінде 10 пайызға өсті.

Оқушыларды тәрбиелеу ісіндегі маңызды орынды туған өлке бойынша туристік саяхаттар болып табылады. Балалар өлкелерінің табиғи байлықтарымен, өткен тарихымен танысып, қызықты адамдармен араласады. Екібастұз қаласының оқушылары «Менің Отаным – Қазақстан» атты облыстық экспедицияға, «Ертіс меридианы» республикалық слетіне белсенді қатысып, жүлделі орындарды иеленеді.

Екібастұз өңірінің дәстүрлі іс-шараларының бірі Шідерті поселкісіндегі спорттық туризм бойынша қаланың Біріншілігі болып табылады, онда 23 мектептің 360 оқушысы екі күндік туристік слет өткізеді.

Туристік саяхаттарды ұйымдастырудағы оңтайлы тәжірибені №35 мектеп-гимназиясы жинақтады. Жыл сайын қыркүйек және мамыр айларында 650-ден астам оқушылар ата-аналарымен бірге Шідерті поселкісіне туристік слетке сапар шегеді.

Осы жылда Екібастұз өңірінің жинақ тобы спорттық бағдарлау бойынша оқушылардың спартакиадасына белсенді қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленді.

Аталмыш іс-шаралар жасөсіпірімдерді қиындықтарды жеңуге, қоршаған ортаны аялауға баулиды.

 

 

 

Дене тәрбиесі жөніндегі

балалар-жасөспірімдер клубының меңгерушісі

Әсемгүл Мұқашева