Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құрметті екібастұздықтар!

 Сіздерге Екібастұз қалалық мәслихаты

шешімінің жобасын ұсынамыз.

 

Тіркелген салықтың бірегей мөлшерлемелерін белгілеу туралы  Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексі 422 – бабының 1, 2 – тармақтарына, Қазақстан Республкасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жәнк өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 – бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:1. Кәсіпкерлік қызметтің келесідей түрлеріне тіркелген салықтың бірегей мөлшерлемелері белгіленсін:

1)  бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы – 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

2)  біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы – 4 (төрт) АЕК;

3)  ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер – 2 (екі)АЕК;

4)  ойын жолағы (боулинг)  –  9 (тоғыз) АЕК;

5)  бильярд үстелі – 5 (бес) АЕК.         

2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.