Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Терек мамығы

Жазғы уақыт келуіне байланысты қалада өрттің болу саны ұлғаюда екендігі туралы Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы мәлімдейді. Ең негізгі қауіп – бұл терек мамығы, өйткені олар  қоймалар мен орман материалдар арасында сонымен қатар көше арасындағы автокөлік тұрағында көп жиналып тұрады.

Өрт болудың негізгі көзі, шылым шеккеннен кейін шылымды сөндірмей тастап кету немесе балалардың теңтектегі, олар терек мамығына сіріңке тастап жандыруды жақсы көреді, осыдан кейін өрт сөндірушілерді шақыру керек.

Қатты жел кезінде мамықтар он екі қабатты үйлер арасында да ұшып  барлық тесіктер арасына   кіріп кетеді. Кез келген шоқ мамықтың жануына әкеп соқтырады екендігін біз естен шығармау керекпіз, өйткені мамық бикфордтық жіптей тез арада жанып, мекемелер мен  ғимараттардың жануына әкеп соқтырады.

Осы өрт қауіпі кезеңінде ең алдымен келесі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:

-          ағаш арасына  жиналған мамықтарды үнемі тазазлап, су шашып отыру қажет. Балаларға  оларды жандыруға тыйым салынады;

-         қоқыстарды және оттарды жағуға тыйым салынады;

-         отпен жұмыс жүргізу кезінде алдын ала қауіпсіздік ережелірін тексеру керек;

-         алаңдарда су бөшкелерін орнату қажет, сонымен бірге бірінші көмек  көрсете алатын  құм, күректер және тағы да басқа өрт құралдарды  өрт сөндіруде қолдану қажет.

Өрт қауіпсіздігі туралы қосымша өртке қарсы нұсқаулар жүргізу керек. Оттарды болдармау мақсатында қала тұрғындар әрдайым көшелерді, тротуарларды, жолдарды үнемі тазалап, мамықтарға су шашуын ұйымдастыру қажет. Балаларға мамықтарды жандыруына жол бермеу қажет.

Терек мамығымен тек өрт сөндірушілер ған емес сонымен бірге  көше жинаушы да күресуде.

Қарапайым ережелерді сақтай білсек өрттердің болдырмауына үлес қосамыз.

 

 

 

Екібастұз қаласы

ТЖ басқармасының

мемлекеттік өрт қадағалау

бөлімінің инженері өртке

қарсы қызмет лейтенанті                                              А.А. Бүркітбаев