Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сыбайлас жемқорлықпен күресеміз

Сыбайлас жемқорлық мемлекет қауіпсіздігіне жүйелі қауіп төндіреді, оның біркелкілік негіздеріне, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіреді.

Павлодар облысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалының Екібастұз қаласы бөлімімен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылығы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 31 наурызда №308 қаулысымен бекітілген  2011–2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салалық Бағдарламасы шеңберінде іс-шаралар Жоспары жүзеге асырылады.

Павлодар облысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалының Екібастұз қаласы бөлімі қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тудыратын себептер мен негіздердің алдын алу және жою, қызметкерлердің және халықтың білім деңгейін арттыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы политикасын іске асыру, жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ашықтығы табылады.