Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.09.06. бастап 14ж.16.06. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1. 20 сағ. 03 мин. подъезге шыққандығы және есікті жауып қалғандығы, ал пәтерде 3 жасар баласы қалғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.  

2. 18 сағ. 02 мин. егде жастағы әйел инсульт алғандықтан орнынан тұра алмай жатқандығы жөнінде хабарлады. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, үйдің төбесінен 5-қабаттың балконына түсіп, пәтерге кірді және сыртқы есікті ішінен ашты. Әйел пәтерде болды. Қан қысымын өлшеп (АҚ 190/100), жедел жәрдемді шақырды.   

3. 22 сағ. 02 мин. пәтердегі ұлына есік қағып тұрғандығы, ал астынғы қабаттағы көршілерін су басып жатқандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, полиция қызметкерлерінің қатысуымен, 4-қабаттың балконынан, сақтандырғыштың көмегімен 5-ші қабаттың балконына көтерілді.  Ашық тұрған балкон есігі арқылы пәтерге кірді және ішінен сыртқы есікті ашты. Ер адам жуынатын бөлмеде қолы кесілген күйде болды. АМК көрсетті және «жедел жәрдем» қызметкерлеріне тапсырды.    

4. 10 сағ. 47 мин. пәтерден аз уақытқа шыққандығы және артынан 3 жасар баласы сыртқы есікті ысырмаға жауып алғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Зардап шеккендер жоқ.  

 

 

 ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ»

3-құтқару бөлімшесінің басшысы                                         Оспанов М.М.