Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Қазқұтқару-2014» мамыр халықаралық жиылыс-семинары шеңберінде кинологиялық есеп жарыстарында қатысу және құтқарушылардың құтқарулық көпкүрес бойынша есеп

26 мамырдан 5 маусымға дейін Алматы облысында ҚР төтенше жағдайлар Министрлігінің «Таулы қала - Астана» оқу-жаттықтыру полигонында «Қазқұтқару - 2014» 19-халықаралық жиылыс-семинары өтті, онда «ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ТЖБ жедел-құтқару жасағы» ММ белсенді қатысты. Осы шараның аясында ТЖМ кинологиялық есеп жарыстары өткізілді. Екібастұз қ. ЖҚЖ кинологиялық командасы құрамында Ромул, Юкса атты 2 неміс овчаркасы тұқымындағы иттермен кинология қызметінің басшысы Г.А. Куценко және құтқарушы К.К. Бейсембаев қатысты.

          Кинологиялық жарыстардың қорытындысы бойынша «Тіл алғыштығын және икемділігін тексеру» кезеңінде 1 және 3 орынға, «Табиғи орта жағдайында зардап шеккендерді іздеу» кезеңінде 2 орынға, жеке халықаралық сынақта 6 және 8 орынға, жеке қазақстандық өздігінде 6 және 8 орынға, командалық халықаралық сынақта 5 орынға, командалық қазақстандық сынақта 4 орынға ие болды.

          Құтқарулық көпкүрес бойынша құтқару бөлімшелерінің жарыстарының қорытындысы бойынша Екібастұз қ. ЖҚЖ және Павлодар қ. ЖҚЖ құтқарушыларынан тұратын құрама командасы жалпы командалық сынақта құрама командасы 9 орынды иеленді, «қиылысқан жергілік бойынша кросс» кезеңінде - 5 орын, «ККЖ» кезеңінде -  7 орын, техногендік кезеңде - 10 орын, «акватория» кезеңінде - 11 орын, табиғи кезеңінде  - 10 орын.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ басшысы                                 Кабидолдин Б.С.