Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Раушан: Ыстық су

Құрметті Александр Федорович!

Мен қыста сізге пәтерімдегі жылу мәселесін айтып хат жазған болатынмын. "Энергетик-Сервис" ПИК-іне жаңадан келген Талас атты сантехниктің арқасында, сол кісінің мәселені тез арада шешуімен, қысты алаңсыз өткіздік! Өз ісінің нағыз маманы - Талас атты азаматқа және сіздерге көп рахмет!

Ендігі айтайын дегенім, біраз уақыт бұрын қалада ыстық су болмағаны белгілі. Сол ағытылғаннан ыстық су бізде әлі жоқ. Оның себебі: жертөледе әлдебір құбырлар ма, бойлер ме, тозып біткен көрінеді. Қазір осындай проблемаларды шешу мақсатына әр пәтер алдымен 5 мың теңгеден, одан соң тағы 17 мың теңгеден ақша тапсыруы қажет екен. Менің түсінгенім: алдыңғы айтылған 5 мың теңге жиналғанда, ыстық суға қолымыз жетеді екен. Ауа райы қолайсыздау уақытта ыстық сусыз қиналып отырмыз. ПИК неге ақша жинау жұмыстарын ерте бастамады? Құбырдың шіріп жатқанын жаңа білген бе? Ертерек неге қам жасамаған? 5 мың теңге жиналып болғанша, ыстық сусыз отырамыз ба? Алдымен қаржы жинап алып, сосын жөндейтін кезде ағытуға болмады ма суды? ПИК-тердің қай-қайсысында болмасын "ақша жинамасаңдар, қойыңдар" дегендей көзқарас бар. Жалпы, ПИК-терге жұрт басқа коммуналдық кәсіпорындарға деген көзқараспен қарайды. Ал басқалары олай "не болсаңдар ол болыңдар" деп, қарап отырмайды ғой. Сол себепті ыстық суды жылдамырақ қалпына келтіру жұмыстарын тездетіп, ПИК насихат жұмыстарын жеделтетуі тиіс емес пе?

Екінші сұрағым: мен зейнеткермін, менімен тұратын балам 2-топ мүгедегі. Біздің біреуіміз жоғарыда аталған қаражатты жинап тапсырған жағдайда сол үшін тұрғын үй көмегін ала аламыз ба? ПИК тұрғын үй көмегін алуға қажетті құжаттарды бізге ұсына ма? Өзім ең төменгі мөлшерде зейнетақы аламын. Бұрын да жоғарыдағыдай мақсаттарға ақша тапсырып жүрдік, бірақ тұрғын үй көмегін алып көрген жоқпын. Раушан Қонақбайзызы, Әуезов көшесі, 157-45 

Уважаемая Раушан Қонақбайқызы!

 

            На Ваше обращение, поступившее на сайт акима города Экибастуза, по вопросу оказания жилищной помощи, сообщаем следующее.

            Для  определения права на назначение жилищной помощи просим Вас обратиться в ГУ «Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза» по адресу: Мәшһүр Жүсіп 87 А, кабинет 18, телефон 770450.

            При себе иметь: удостоверение личности, книгу регистрации граждан, пенсионное удостоверение, счета на коммунальные услуги (КСК, теплоснабжение, водоснабжение, электроснабжение, вывоз мусора, телефонная связь).

            Согласно статьи 10 Закона Республики Казахстан «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц» разъясняем, что Вы вправе обжаловать принятое решение в соответствии с требованиями статьи 12 Закона.

 

Руководитель ГУ «Отдел

занятости и социальных программ

акимата города Экибастуза»                                  Т.Тарасова

Құрметті Раушан Қонақбайқызы!

   

 

Ыстық сумен жабдықтаудың болмауына байланысты жөндеу жұмыстарын өткізу мәселесі жөнінде  Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына келіп түскен Сіздің электронды өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

Әуезов көшесіндегі №157 тұрғын үй 5 қабатты, 15 кірешекті, «Энергетик-сервис» ЖИК қызмет көрсетеді.

2014 жылдың 20 мамырында  «Энергетик-сервис» ЖИК басқару органының «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы» ММ өкілінің қатысуымен Сіздің үйіңіздің үй-жай (пәтерлер) иеленушілерінің ортақ жиналысы өткізілген. Үй-жай (пәтерлер)иелерімен  су жылытқыш орнатуға және жылумен жабдықтау жүйесіне жөндеу өткізу үшін мақсатты жарналарды жинау жөнінде шешім қабылданған (жазбаша жауап және хаттамалар көшірмелері  қоса берілген).

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының  35-бабы  1-3 тармағына сәйкес үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi ортақ мүлiк пен үйдi ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға мiндеттi, ортақ мүлiктiң және дара (бөлек) меншiктегi үй-жайлардың сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуына жауапты болады. Ортақ мүлiктi ұстауға жұмсалатын шығыстардың мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, үй-жай иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлi белгiленедi.

Ортақ мүлік - дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (абаттандыру элементтерін және ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктерді қоса алғанда, кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік почта жәшіктері, жер учаскесі).

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына сәйкес, мемлекет аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету бойынша шаралар қолданатыны жөнінде қосымша хабарлаймын.
            Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналєан ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткiзушiлер ұсынєан шоттар бойынша, республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық  маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудің ережелері негiзiнде тұрєын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындайды.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Сіздің аталған Заңның 12-бабы талаптарына сәйкес қабылданған шешімге арыздануға құқығыңыз бар екендігі жөнінде есіңізге саламыз.

           

« Екібастұз қаласы әкімдігінің

тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

    ММ басшысы                                                                   Л. Векшина  

Құрметті Раушан Қонақбайқызы!

 

Сіздің тұрғын үй көмегін көрсету мәселесі жөнінде Екібастұз қаласы әкімінің сайтына келіп түскен өтінішіңізге, келесіні хабарлаймыз.

            Тұрғын үй көмегін тағайындауға құқығыңызды анықтау мақсатында, Сізден «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтінуіңізді сұраймыз, мекенжайы: Мәшһүр Жүсіп көшесі 87 А, 18 кабинет, телефоны 770450.

            Өзіңізбен бірге мына құжаттар болу қажет: жеке куәлік, азаматтарды тіркеу кітабы, зейнеткер куәлігі, коммуналдық қызметтерге шоттар (ПИК, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, қоқыс шығару, телефон байланысы).

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 10-бабы негізінде, Сіздің қабылданған шешімге жоғарыда көрсетілген Заңның 12-бабының талаптарына сәйкес шағымдануға құқыңыз бар.

 

                «Екібастұз қаласы

  әкімдігінің халықты жұмыспен қамту

    және әлеуметтік мәселелер бөлімі»

    мемлекеттік мекемесінің басшысы                                            Т. Тарасова