Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Смагулова Эльмира: Автовокзалдың қызметі бойынша

Саламатсыз ба!

Мен Смагулова Эльмира. 2014 жылдың 4 маусымы күні Екібастұз қаласынан Астана қаласына автовокзал арқылы жолға шыққан болатынмын. Жанымда 2 балам болған. Өзіме бір билет және балам бір билет алған болатынмын. Ұлым өз билетін жоғалтып қойды. Бірақ менің екі баламда 7 жасқа толмаған. Заңнамаға сәйкес 7 жасқа толмаған балаларға билет алмай жүруге болады. Бірақ мені Тимошева Ирина деген контроллер мені автобусқа кіргізбей, жеке басыма неше түрлі сөздер айтып, сол жерге милиция шақырды. Мен ешқандай заңға қайшы іс әрекет жасағаным жоқ. Мүмкін менің қазақ болғандықтан осындай іс әрекетке барды ма, ол жағын білмеймін. Осы жағдайға араласып, шешім қабылдауыңызды сұраймын. Жауабын күтемін. 

Эльмира, Сіздің өтінішіңіз ТОО «Екібастұз сапаржай » бастығы А.Петуховқа  жіберілді. Нәтижесі жөнінде қосымша хабарланады.