Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.26.05. бастап 14 ж.02.06. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1. 14 сағ. 15 мин. қатты желмен спутниктік антенна ұшып кетіп ілініп қалғандығы және құлау қаупі бар жөнінде хабарлаған зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, 5 қабатты үйдің шатырына көтерліп, құлап қалған тарелканы шығарды және оны төбеге сыммен бекітіп қойды.

2. 20 сағ. 20 мин. 1-қабаттың пәтерінен адам денесінің иісі шығып жатқандығы жөнінде хабарлаған учаскелік инспектордан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, гидравликлық құралмен терезенің торын кесті және ер адамның денесі табылған пәтерге кіруге жол ашуды қамтамсыз етті.  

3. 9 сағ. 31 мин. қатты желдің әсерінен бес қабатты тұрғын үйдің төбесінен қатты шатырдың темір құрылымының жұлынып қалғандығы жөнінде хбарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, 5 қабатты үйдің төбесіне шығып арнайы құралдың көмегімен темірді кесіп тастады.   

4. 9 сағ. 53 мин. терапиялық ғимараттың төбесінен темір тақтары құлап жатқандығы жөнінде хабарлаған ОҚА бас дәрігері орынбасарынан қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, шатыр астына көтерілді. Қалған темір табақтарын бекітіп, құлау қаупін жойды.

 

 

 ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» 3-ші құтқару

бөлімшесі басшысының м.а.                                           Жандарбеков Б.М.