Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Әкімдік мәжілісі өтті

2014 жылдың 30 мамырында Екібастұз қаласы әкімдігінің кіші залында  қала әкімі  Александр Вербняктың  төрағалық етуімен  әкімдік мәжілісі өткізілді.

          Күн тәртібіне сәйкес азық-түлік тауарларына баға белгілеу жағдайы және бағаларды тұрақтандыруға қатысты шаралар қабылдау туралы, «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын іске асыру бағытында атқарып жатқан шаралары  және 2013 жыл ішінде Екібастұз қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы: қарқыны, проблемалары мен мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аясында келешегі жөнінде мәселелер талқыланды.

           Күн тәртібінің   сұрақтары бойынша  «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Жансерік Жанымхан, Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Зинаида Мұхаметжанова мен әкімдіктің  дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Зинеп Нұркенова сөз сөйледі.  

           Әкімдік мәжілісінің барлық мәселелері қаралып, әр сұрағына қаулы қабылданды.