Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.19.05. бастап 14ж.26.05. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1.     8 сағ. 08 мин. 80 жастағы әжейдің пәтеріне кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған күтуші-әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, слесарлық құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Пәтерде жедел жәрдем бригадасын шықыртуды қажет еткен мүсәпір күйіндегі әйелді тапты. 

2.     13 сағ. 40 мин. қатты желмен № 4 ЖОМ шатырын жұлып алынғандығы, құлау қаупі бар екендігі жөнінде хабарлаған Екібастұз қ. ТЖБ кезекші әкімшілігінен қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, адамдарды көшірді және ағаштан проф.табағын алды. Зардап шеккендер жоқ.

3.     13 сағ. 43 мин. қатты жел ауладағы ағашты тамырымен қопарып алғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, қауіп төндіріп тұрған сынған ағашты алып тастады.  

4.     15 сағ. 20 мин. қатты жел балалар бөлімінің проф.табағын жұлып алғандығы және құлау қаупі бар  екендігі жөнінде хабарлаған қалалық аурухананың ӘШБ жөнідегі орынбасарынан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп ілініп тұрған профтабағын шешті.

                           

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

1-ші құтқару бөлімшесінің басшысы                                            С.Ю. Смирнов