Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Өткен апталықтың спорт жаңалықтары

2014 жылдың 19-20 мамыр  аралығында Павлодар облысының қалалары мен аудандары арасында волейбол бойынша XVІІ облыстық спартакиада өтті. Екібастұздықтар 1 жүлделі орынды иеленді.

24-25 мамырда № 1 БЖСМ және «Грань» ЖШС спорт залдарында IV қалалық спартакиада есебіне жазғы олимпиадалық, ұлттық және халықтық спорт түрлерінен бірінші және екінші лига командалары арасында стритболдан біріншілік ойындары өтті. Жарысқа Екібастұз қаласының дене шынықтыру және мекемелер мен кәсіпорындардың командалары қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша ерлер арасында «Шығыс» және «Проммашкомплект» ЖШС құрама командалары 1-орынға иеленсе, 2-орын «МАЭС-1» және «МӘҚО» бұйырды, 3-орын  «Богатырь Көмір»  мен «БАРС» иеленді.  Әйелдер арасында келесі командалар жеңімпаз атаңды: 1-орын «МАЭС-1» және «Грань», 2-орын - «Шығыс» пен «Қазақтелеком», 3-орын - «Богатырь Көмір» және «МӘҚО».