kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Құлакөл ауылының тарихы

1949 жылы  Павлодар және  Целиноградтың  арасын қосатын темір жол салынып жатты. Сол темір жолдың бойында Майқайың станциясы ашылып. 1949 жылы маусым айында бірінші  темір жол жұмыскерлері көшіп келді. Олар: Асаинов Сағындық, Асаинова Алтын, Құсаинова Бекежан, Сулейменов Қуандық - Ұлы Отан соғысынын ардагері, Сулейменова Марфуға, Көккөзев Бекіш - Ұлы Отан соғысынын ардагері, Рябов Владимир, Семенюк Борис, Рябина Лилия, Хисматуллина-Маслова Зинаида Борисовна.

Сол  жылдары станцияға  Маслова-Хисматуллина Зинаида Борисовна

Жунусов Тұран  және Жунусова Нұрсұлу да көшіп келген.

Станция вагон ішінде орналасқан, ал кісілер ағаш барақта  тұрыпты.

1954 жылға дейін станция тұрақты емес деп саналған.

1949 жылы 7 тамызда   Павлодар қаласынан және  Потанин совхозынан жолдама бойынша эвакуациядан келген немістер көшіп келген.Олар: Киндер Андрей әйелі Кох Эмма, Вирт Андрей әйелі Вирт Эльза, Ессен Григорий, Ессен Екатерина, Арнт Роман, Арнт Амалия, Шляйгер Егор, Шляйгер Полина.

Шлягер Полина 7/08-1949 жылы келген

Олар «Мақайың- золото»  комбинатының техникалық базасында  жұмыс істеді. Келген адамдар өздеріне саманнан балаған жасап бірінші жылы соларда қыстап шықты. Жұмыскерлер Павлодар –Целиноград темір жолын салып жалғастырды өйткені уақытша салынған рельстер жай жерде жатты. Сол жылдары қоймалар, техбазалар, дүкен салынды. 

1950 жылы бірінші дүкен ашылды.

1952 жылы бірінші вокзал салынды.

1950 жылы  тұрғындар үшін бірінші жылы барақ, почта, бастауыш мектеп және клуб  салынды.Ең бірінші мұғалім-Еврейко В.В.1952-1953 оқу жылында  мектепте 55 оқушы оқыды,бірінші 12 түлектер бастауыш мектепті бітірді.

1951жылы асхана, жанармай базасы салынды.

1954 жылы 7-жылдық мектеп ашылды.Бірінші оқу жылында 7-жылдық білімді 9 оқушы алды.

1959 жылы бірінші тас карьер ашылды.

1960 жылы 8- жылдық мектеп ашылды.

1966-1994 жылдар аралығындағы ауыл кеңесінің төрағасы -  Құсаинов Зейнулла Құсайынұлы.  Бірінші хатшысы – Асанбаева Күлжазира 

1965 жылы екінші тас карьері ашылды.

1965 жылы Майқайың-Үшқұлын темір жолы салынды.

1967 жылы үш екі қабатты үйлер салынды.

1981 жылы жазда темір жол жұмыскерлеріне арнап жаңа екі қабатты үйлер салына басталып 1984 жылы іске қосылды.

1981-1982 жылдарында Темір жол көшесіне су құбырлары іске қосылды.

1983 жылы теміржолдың байланыс үйі іске қосылды.

1991 жылы қараша айында жаңа мектеп ашылды.  1қыркүйек 1990 жылы  Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралары  аяқталғаннан кейін, мектеп алдында Митинг ұйымдастыруға рұқсат алынды.    

Оқушылыр, ата-аналар, мұғалімдер, ауыл әкімшілігі өз ұсыныстарын білдірді.

Жаңа мектеп құрылысы басталуы үшін мектеп директоры Уакбаев Д.Т және ауыл кеңесінің төрағасы Құсаинов З.Қ. күш- жігірлерін  аямай  ат салысып еңбек етті.

1994 жылы  Маслихат сайлауының жаңа түрі өтіп, ауыл советі жергілікті ауыл  әкімшілігі, Теміржол ауыл  округінің  төрағасы  - Уакбаев Д.Т.

2003жылы 2 мауысымнан бастап ауыл әкімі - Қасеналин Е.Е.

2004 жылы станцияда Электро-Контакттың  28- бөлімі іске қосылды. Қазіргі заманға сай 15  екі пәтерлік  жаңа үйлер салынды.2006 жылы ауыл өңірінде ТОО «Азия –контакт», ТОО «Минерал-Трейд», ТОО «Пик-Тайм» тас карьерлері ашылды.

2008 жылы «Удача» дүкені ашылды.

2009 жылдың мамыр айында мұсылман мешіті ашылды

2010 жылы «Жібек» дүкені ашылды.

2010 жыцлы №3 бөлімшеде су ұңғымасы іске қосылды.

2011 жылы 3 шағыл тас: «Геодезия и картография ПВ», «Адина», «АТАЙ-Компани» ашылды.

2010-2013 жылдары Майқайын жалпы орта мектебінің түлектері Жаксылыков Дамир, Жаксылыков Амир, Илеубаева Айслу -“Алтын белгіге” ие болды. Құсаинов Қуандық – үздік аттестат алды.

 2012 жылы «Бақыт» шаруа қожалығы ашылды.

2013  жылы қазан айында су ұңғымасы іске қосылды

2013 жылы  дүкен ашылды (ИП “Альбекова”).

2013 жылдын қазан айында Құлакөл ауылында балалар ойын алаңы орналастырылды.

Бүгінгі күні біздің  ауылдың тұрғындар саны – 630 адам, 160 тұрғын үйлер бар. Ауылдық округтің аумағы – 6388 гектар құрайды. Ауылымызда мектеп, мешіт, пошта, медициналық бөлімшесі, мәдениет  үйі, 4 ЖШС, 2 шаруа қожалығы, 3 дүкен бар. Адамдар жұмыспен толық қамтылған. 

 

 

 

 

     

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза