Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз басшысы мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін құттықтады

 Бүгін, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері күні Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк бұл саланың жұмыскерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Сіздер -    қоғамның адамгершілігі мен мәдениетінің тірегісіздер! Сіздер адамдарды қаламыздың мәдени  мұрасына жақындатуға қол ұшын беріп, ұлтаралық келісімді нығайтуға үлес қосудасыздар.  Түрлі байқау, сайыс және фестивальдерде Екібастұзды лайықты танытып жүрсіздер. Сіздердің шығармашылық жобаларыңыз адамгершілік, сенімділік пен  мейірімділік сияқты қағидаттардың орын алуына ықпал етсін», - деді  А. Вербняк.

Қала басшысы мәдениет және өнер саласының, мәдениет бөлімінің қызметкерлері мен ардагерлеріне алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық, сарқылмас жігер, шығармашылық табыс тіледі.

Құттықтау сөзден кейін Александр Федорович салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Екібастұз өңірінің мәдени дамуына қосқан қомақты үлесі, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін «Атамұра» мәдениет орталығының музыка басшысы Гүлмира Алданова, Байет ауылдық округі клубының меңгерушісі Қайыпхан Жантелиев, Атығай ауылы клубының меңгерушісі Жомарт Қабыкенов, «Екібастұз тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК экскурсия жетекшісі Гүлзайра Қатбенова Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасына ие болды. Екібастұз қаласы әкімінің Алғыс хаты «Атамұра» мәдениет орталығы кадр бөлімінің инспекторы Гүлнұр Еңсебаеваға, «Атамұра» мәдениет орталығының әдіскері Зарина Оспановаға, «Улыбка» үлгілі хореографиялық ансамблінің жетекшісі Диана Арыстановаға, «Шатлык» татар-башқұрт этно-мәдени бірлестіктің музыкалық жетекшісі Юлия Явцеваға табыс етілді.

Мәдениет саласының ардагерлеріне гүл шоқтары тапсырылды.

Салтанатты жиналыстың ресми бөлімі аяқталған соң көрермендердің назарына жергілікті дарындардың күштерімен ұйымдастырылған концерт ұсынылды.