kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

14ж.12.05. бастап 14ж.19.05. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1.     12 сағ. 48 мин. аз уақытқа подъезге шыққандығы, ал бір жастағы баласы артынан есікті ысырмаға жауып алғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Зардап шеккендер жоқ. 

2.     01 сағ. 45 мин. тұрмыстық бөлме жанып жатқандығы жөнінде хабарлаған ЖШС күзетшісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, осы өрттің аумағын бағалап, 2 адамды қауіпсіз қашықтыққа көшірді және өртке қарсы қызметтің қызметкерлерін шақырды.

3.     12 сағ. 47 мин. сыртқы есік ішінен жабық тұрғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті, пәтерде 1,5 және 3 жасар балалары бар. Құтқарушылар оқиға орнына келіп арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Зардап шеккендер жоқ.

4.     13 сағ. 40 мин. және сыртқы есігінің құлпы желініп қалғандығы жөнінде хабарлаған зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.

5.     11 сағ. 49 мин. көршісі көмек сұрап жатқандығы, құлап қалып тұра алмай жатқандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашқанда, әйел жерде жатты. Жедел жәрдемді шақырып, әйелді көршісінің қамқорына қалдырды.

6.     12 сағ. 46 мин. зейнеткер көршісі 2 күн бойы шықпайтындығы, ешқандай тірліктің белгісін бермейтіндігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, сатымен балконға мінді, пәтерге кірді, пәтерде 59 жасар әйелдің денесін тапты. Өлім дерегін куәландыру үшін телімдік инспекторға жол ұсынып есікті ішінен ашты.

                           

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

4-ші құтқару бөлімшесінің басшысы                                            Ж.К. Каирбаев

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза