Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құрметті екібастұздықтар!

Балалар – бұл болашақтың керемет бейнесі. Адамға берілген ең нәзік сезім – балаларға деген махаббат. Осы сезімді әрқайсымыз білгенімізше жеткіземіз. Біреулер жылулық сезімін өз бөбектеріне ғана арнайды, ал біреулер көпшілікке. Осы арқылы біздің қаламыздың және еліміздің болашағы қазіргі бөбектер деп сезінеміз.

Аурудан және әлеуметтік қиындықтан қорғалған, махаббат пен мейірімділікті сезініп өскен балалар ғана біздің сенімді болашағымыз.

Қазіргі уақытта өмір жағдайларына байланысты өз отбасыларынан ата-ана мейірімі мен қамқорлығынан айырылған балалар, науқас, мүгедек балалар мен жетім балалар, біреудің қамқорлығындағы және аз қамтамасыз етілген отбасының балалары өздеріне ерекше көңіл аударылғанын талап етеді.

Біздің қаламызда оныншы жыл 1 мамырдан бастап 1 маусымға дейін «Қайырымдылық жасауға асығыңыз» атты акция өткізілуде. Акцияның қорытындысы  2014 жылдың 1 маусымында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін «Қазақстан» кинотеатр алаңында өтетін қайырымдылық марафоны өткізіледі.

            Марафон барысында осы балалардың жағдайын шешуге көмектесетін қаржы жинауға үміттенеміз. Балаларға көмек көрсету арқылы қиындықты жеңуге, адамгершілік пен мейірбандыққа сенуге және жақсылыққа үміттенуге мүмкіндік аласыз.

Акцияға барлық меншік түріндегі кәсіпорындардың, бюджеттік мекемелерді, бизнес-қауымдастығының басшыларын қосылуға үндейміз.

Мейірімді іс атқаруға немқұрайды болмаңыз. Сіздің көмегіңіз бүлдіршінің өмірін сақтап қалуға өте қажет екенін естен шығармаңыз!

 

ҚАЙЫРЫМДЫҚ  ЖАСАУҒА АСЫҒЫҢЫЗ!

 

Қордың реквизиттері:

«Екібастұз» балалар қоры» қоғамдық қоры

Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қ. Абай көш. 49 А

ИИК KZ839262001136632000

БИН 060240011324

БИК KZKOKZKX

РНН 451600218894

Кбе 18

«Казкоммерцбанк» АҚ-ның ЭФ-ы

 

 

 

Екібастұз» балалар қоры» қоғамдық қоырының директоры, Т.В.Шмидт

«Нұр Отан» партиясының ЕҚФ төрағасының бірінші орынбасары, С.Ж. Рамазанов

«Екібастұздың болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Р.Х.Гайнулин