Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы

13 мамыр күні «Атамұра» мәдениет орталығы отбасы институтын,  имандылықты, руханилықты нығайту, бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын таныту мақсатымен «Мерейлі отбасы» атты ұлттық конкурсын өткізді.

Конкурстың бірінші кезеңіне Тәшімовтер, Масұғұтовтар, Хузайыр, Шнайдер, Алиндер, Хивук және Сейітқұловтар отбасылар қатысты.

Үміткерлер алдын ала ереже бойынша құжаттар тапсырып, өтініш білдірді. 

Ұйымдастыру комитетінің қорытындысы бойынша Тәшімовтер және Масұғұтовтардың отбасылары екінші өңірлік кезеңге өтті.

Өңірлік кезеңнен өткен жеңімпаздар үшінші ұлттық конкурсқа қатысады.

Ең бастысы жеңімпаздарды іріктеуге www.ncgp.kz, www.elarna.kz, www.khabar.kz сайттарында интерактивті дауыс беру жолымен, сондай-ақ конкурсты трансляциялау кезінде телефонмен дауыс беру арқылы елдің барлық тұрғындары белсенді түрде қатысып, қорытындысы бойынша конкурс жеңімпазы анықталады.

Көрермендердің неғұрлым көп саны дауыс берген отбасы «Мерейлі отбасы» атағын иемденеді.