Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.05.05. бастап 14ж.12.05. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1.     10 сағ. 32 мин. туыстарымен бір жұма хабарласпаған пәтердің иесі бар болу мүмкін, пәтердің есігін ашуға құтқарушылардың көмегі керек екендігі жөнінде хабарлаған 102 кезекшісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, үйдің төбесінен 5-қабаттың балконына түсті, пәтерге кіріп, сыртқы есікті ішінен ашты. Пәтерден пәтер иесінің денесін тапты.

2.     14 сағ. 20 мин. жалғыз тұратын зейнеткер жастағы көршісі пәтерінде құлап қалғандығы және көмек сұрап жатқаны жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, үйдің төбесінен 4-қабаттың терезесіне түсті, желкөзден пәтерге кірді және сыртқы есікті ашты. Үй иесін кереуетке жатқызды және көршісінің қамқорлығына қалдырды.

3.     18 сағ. 30 мин. зейнеткер әкесі пәтердің сыртқы есігін ашпайтындығы және пәтерден қарлыққан дыбыстар шығып жатқаны жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, зейнеткер қонақ бөлменің еденінде жатты, құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдемнің келгенін күтіп ылып, оқиға орнынан кетті.  

4.     10 сағ. 37 мин. жалғыз тұратын зейнеткер жастағы көршісі сыртқы есікті аша алмай тұрғандығы, зейнеткер психикалық-неврологиялық диспансерінде есепте тұрғаны жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Әйел пәтерде болды, тонометрмен қысымын өлшеді, АҚ 200/120-ға. Жедел жәрдемді шақырды.  

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

4-құтқару бөлімшесінің басшысы                                            Ж.К. Қаиырбаев