Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру

 Жазғы каникул кезеңінде демалыстың, жұмыспен қамтылудың және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында білім бөлімімен 44 млн. теңгеден аса қаражат қарастырылған «Жаз-2014» қалалық бағдарламасы әзірленді.

            Жазғы кезеңнің ашылуы дәстүрлі түрде 1 маусымда өткізіледі.

            Жазғы демалыспен жалпы 16 мыңға жуық оқушыны қамту жоспарланып отыр, оның ішінде 1287 бала халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігінен.

   Қаладан тыс лагерлерде қалалық бюджет есебінен 347-ден астам бала демалады. «Богатырь Көмір» ЖШС қайырымдылық есебінен қала сыртындағы «Қарлығаш» лагеріне 200 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, өмірдің қиын жағдайына ұшыраған балалар жолдама алады.

Жазғы кезеңде тамақтандыратын және ұйықтайтын 38 мектеп жанындағы лагерлер ашу жоспарланған. Бұл оқушылардың ең көп санын демалыспен және сауықтырумен қамтуға қол жеткізеді. Барлығы 4 кезеңде 3000-нан астам баланы қамту жоспарлануда.

Жазғы кезеңде дәстүрге айналған оқушылардың еңбек отрядтары іске асырылады. 600 оқушының ішінде 167 оқушы қолайсыз отбасынан, 133-і аз қамтылған отбасынан, 300-і толық емес отбасыларынан шыққандар. Оқушылармен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек келісім-шарттары жасалады. Жұмыс уақыты 4 сағатты құрайды. Жұмыс екі аптадан үш кезеңге жоспарлануда.

 «Грань» ЖШС, «Керемет-Азия» ЖШС, «ГРЭС-1», «ГРЭС-2» және тағы басқа қала кәсіпорындарында жеке еңбекпен 520 оқушыны қамту болжанып отыр.

Девиантты тәртіптегі балалар мен жасөспірімдер үшін мектептер жанында кешкілік уақытта «Контакт» бейформалды көшбасшылар клубтары жұмыс істейді, онда тренингтік мектептер,  сауықтыру шаралары,  флеш-моб акциялары және басқалары.

Тұрғылықты мекенжайы бойынша аула клубтарының жұмысы жеке бағдарлама бойынша жоспарлануда: қаланың шағын аудандарындағы ойын, спорт және үгіт алаңдары белсенді жұмыс істейді.

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастырудың бір түрі дене тәрбиесі бойынша балалар жасөспірімдер клубының (БЖК) жұмысы болып табылады. Онда жүзуден спорттық-сауықтыру үйірмелері әрекет етеді.

Одан басқа, спорттың 10 түрінен жазғы оқушылар спартакиадасы, «Былғары доп» футболынан чемпионат, мектептік волейбол лигасы ұйымдастырылады.