kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

2014 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы ақпарат

Жазғы каникул кезеңінде демалыстың, жұмыспен қамтылудың және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында білім бөлімімен «Жаз-2014» қалалық бағдарламасы әзірленді.

         Жаз бағдарламасын жүзеге асыруға барлығы 44,3 млн. теңге қарастырылған (өткен жылдан 4 млн. теңгеге көп), оның ішінде:

- қаладан тыс лагерьлерге аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың демалуын және сауықтырылуын ұйымдастыруға – 22,5 млн. теңге,

          - аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың мектеп жанындағы лагерлерге – 6,1 млн. теңге,

          - ОЕО – 15,7 млн. теңге.

         Жазғы кезеңнің ашылуы және қалалық бағдарламаның тұсау кесері дәстүрлі түрде 1 маусымда жеке бағдарлама бойынша өткізіледі.

         Жазғы демалыспен жалпы 15 891 оқушыны қамту жоспарланып отыр (оқушылардың 100% 1-10 сыныптар), оның ішінде 1287 бала халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігінен. Ондағы 1002 бала аз қамтылған отбасынан, 157 бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, 128-і КТІБ-нің есебінде және мектепішілік бақылауда тұрған  балалар.

Қаладан тыс лагерлерде қалалық бюджет есебінен 347-ден астам бала демалады. «Богатырь Көмір» ЖШС қайырымдылық есебінен қала сыртындағы «Қарлығаш» лагеріне 200 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, өмірдің қиын жағдайына ұшыраған балалар жолдама алады.

Жазғы кезеңде тамақтандыратын және ұйықтайтын 38 мектеп жанындағы лагерлер ашу жоспарланған. Бұл оқушылардың ең көп санын демалыспен және сауықтырумен қамтуға қол жеткізеді.

 Күндізгі келетін мектеп жанындағы сауықтыру лагерлерінде аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 600-ден астам бала демалады. Барлығы 4 кезеңде 3000-нан астам баланы қамту жоспарлануда.

  Жазғы кезеңде дәстүрге айналған оқушылардың еңбек отрядтары іске асырылады. 600 оқушының ішінде 167 оқушы қолайсыз отбасынан, 133-і аз қамтылған отбасынан, 300-і толық емес отбасыларынан шыққандар. Оқушылармен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек келісім-шарттары жасалады. Жұмыс уақыты 4 сағатты құрайды. Жұмыс екі аптадан үш кезеңге жоспарлануда.

Бағдарламада қала кәсіпорындарында жеке еңбекпен қамту қарастырылған. Жұмыс берушілер «Грань» ЖШС, «Керемет-Азия» ЖШС, «ГРЭС-1», «ГРЭС-2», шаруа қожалықтары және тағы басқалары. Жеке еңбекпен 520 оқушыны қамту болжанып отыр.

Девиантты тәртіптегі балалар мен жасөспірімдер үшін мектептер жанында кешкілік уақытта «Контакт» бейформалды көшбасшылар клубтары жұмыс істейді, онда келесі іс-шаралар жоспарланған: тренингтік мектептер,  сауықтыру шаралары,  флеш-моб акциялары және басқалары. Жұмыспен қамтудың осы түрімен 1500 оқушы қамтылады.

Жазғы кезеңде уақытылы анықтау және шаралар қолдану мақсатында «Көшедегі бала» және «Каникул» акцияның өтілуі жоспарланған, сондай-ақ, «Түнгі қаладағы балалар» акциясы жалғастырылады.   

Тұрғылықты мекенжайы бойынша аула клубтарының жұмысы жеке бағдарлама бойынша жоспарлануда: қаланың шағын аудандарындағы ойын, спорт және үгіт алаңдары белсенді жұмыс істейді. Жұмыстың бұл түрі тұрғылықты мекенжайы бойынша шағын аудандардағы 3000-нан астам балалар мен жасөспірімдерді қамтуға мүмкіндік береді.  

           Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастырудың бір түрі дене тәрбиесі бойынша балалар жасөспірімдер клубының (БЖК) жұмысы болып табылады. Онда жүзуден спорттық-сауықтыру үйірмелері әрекет етеді. Одан басқа, спорттың 10 түрінен жазғы оқушылар спартакиадасы, «Былғары доп» футболынан чемпионат, мектептік волейбол лигасы ұйымдастырылады. Жалпы қамтылу көрсеткіші 5000-нан астам оқушыны құрайды.

                         Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бөлімнің бақылауында тұр.

     

 

Білім бөлімі басшысының  

      міндетін атқарушы                                                           Н. Макумова 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза