Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Өнеркәсіп қауіпсіздігі үлкен өзгерістер күтуде

 Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде көрсетілген Заңдар ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды, және Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 109 бабына сәйкес  күшіне оның ресми жариялануының бірінші күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін енеді, демек 2014 жылдың 26 сәуірінен бастап.

         Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының жарияланған күннен бастап, өнеркәсіп қауіпсіздік саласында үлкен өзгерістер болатындығы түсінікті болды.

         Халықты және қауіпті өнеркәсіптік нысандарында жұмыс атқаратындарға болуы мүмкін даулы мәселелер шешу мақсатында аталмыш заңның өзгерістері жөнінде айтқым келеді.

                   Демек 2014 жылдың 26 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңы күшіне енгенненн кейін, Қазақстан Республикасының 2002 жылы шыққан «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы толығымен өз күшін жояды.

         Аталмыш заң Азаматтық қорғау деген ұғымға мынандай түсініктеме береді: -  азаматтық қорғау – өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды қамтитын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге

 бағытталған, бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін жалпы

 мемлекеттік іс-шаралар кешені(1.бап.10тт).

         1 баптың 18.тт сәйкес азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау дегеніміз  – өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған, азаматтық қорғау саласындағы  уәкілетті органның қызметі;

         1 баптың 50.тт негізгі ұғым өзгеріссіз қалған, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк – жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерінен қорғалу жай-күйі;

    53.тт. былай түсіндіреді, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына – өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық және (немесе) әлеуметтік сипаттағы арнайы шарттары жатады.

    5.бап 1т.3.тт сәйкес – азаматтық қорғаудың хабарландыру жүйесінің объектілік деңгейде адамдар жаппай болатын объектінің, қауіпті өндірістік объектінің аумағын және төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халықты қамти отырып, жергілікті құлақтандыру жүйесі ұйымдастырылады.

16.бап. Азаматтық қорғау саласындағы құқтары мен міндеттерді ұйымдастыру негізгі үш бағытта реттелген  – Азаматтық қорғаныс бойынша және өрт өнеркәсіптік қауіпсіздік жөнінде.

16.бап 7 тармақтың 1 бөлімінде ұйымдардың уәкілетті органның және мемлекеттік инспекторлардың сұрау салуы бойынша өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы, оның ішінде өздері өндіретін өнімдердің өртену қауіптілігі туралы, сондай-ақ өз аумақтарында болған өрттер, авариялар, оқыс оқиғалар және олардың салдарлары туралы мәліметтер мен құжаттарды беруге міндеті екені көрсетілген. 

Бұрын Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңында ондай мүмкіндік өз міндеттерін қауіпті өндірістік объектілерде орындаған кезде  тек инпекторларда ғана болған.

16 баптың 3-ші бөлімінде бұрын болған міндеттерге тағыда мынандай міндеттер қосылды:

- авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жиынтықпен, қажетті техникамен, жабдықпен, сақтандыру және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын әзірлікте ұстап тұруға;

      - қауіпті өндірістік объектілерде ықтимал аварияларды және олардың салдарларын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;

      - аварияларды жою жоспарына сәйкес жұмыстарды жүргізуге материалдық және қаржылық ресурстардың резервтеріне ие болуға;

      - қауіпті өндірістік объектілерде авария, оқыс оқиға туындаған жағдайда мониторинг жүргізу, байланыс және іс-қимылдарды қолдау жүйелерін құруға

 және олардың орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
      - қауіпті өндірістік объектілерде авария, оқыс оқиға болған жағдайда жұмыскерлерді іс-қимылдарға оқытуды жүзеге асыруға;
      - жергілікті құлақтандыру жүйелерін құруға және ұдайы әзірлікте ұстап

 тұруға міндетті.

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» жаңа Заңы қауіпті өндірістік объектілердің белгілері  қауіпті өндірістік объектілер ұғымдары 2 түрлі деп 2 түрлі бап

2014 жылдың 25 сәуірінен газды қолданылатын объектілерге  жаңа талаптар енді - олар газды қолданатын жүйенің техникалық қызметі, өндірістік қауіпсіздік саласындағы жұмысты жүргізу тек аттестатталған заңды тұлғалар ғана құқықты делінген.

Аттестаттау жөнінде жаңа Заңда нақтырақ жазылған Мысалы: «Аттестатталған ұйым Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзып, оның ішінде осы баптың
2-тармағында көзделген құжаттарда анық емес ақпарат бере отырып қызметін жүзеге асырған жағдайда, аталған ұйым Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады».
         Мамандарды оқытуды жүргізу даярлау, қайта даярлау мәселесі мүлдем өзгеріске ұшыраған. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердің  және  өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін   даярлау, қайта даярлау (Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 79 бабы).

Мысалы:

      1) қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты лауазымды адамдар, сондай-ақ олардағы жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер – он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып,  жыл сайын;

2)техникалық басшылар, мамандар және инженерлік-техникалық жұмыскерлер – қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, үш жылда бір рет даярлауға жатады.

Заңға тағыда бір ұғым кірді - он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытылатындарға кімдер жатады? - Олар мынадай жағдайларда:
      1)өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілері қолданысқа енгізілген кезде немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде;

2)егер жаңа міндеттер басшыдан немесе маманнан қауіпсіздік бойынша қосымша білімді талап ететін болса, лауазымға тағайындалған кезде немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде;

3)өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылған кезде;
      4)жаңа жабдықты пайдалануға берген немесе жаңа технологиялық процестерді

 енгізген кезде;
       5) уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын жеткілікті түрде білмейтінін анықтаған кезде олардың талабы бойынша қайта даярлануға жатады.

79 баптың 12 бөліміне сәйкес, емтихан тапсырған адамдарға емтихан  комиссиясының төрағасы қолы қойған уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі куәлiк беріледi, енді нөмірленген мөр және мемлекеттік өнеркәсіптік қауіпсіздік инспектордың қолы да қажет емес.

Қауіпті өндірістік объектідегі аварияны, авария салдарынан болған жазатайым оқиға төтенше жағдайларға жататын аварияларды және жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия да өзгерген, енді комиссия құрамына қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысы, жергілікті атқарушы органның өкілі және кәсіби авариялық-құтқару қызметінің немесе құралымының өкілі кіреді.

Өте маңызды өзгеріс – ол өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын кіргізу, осы күнге дейін тек қана ҚР ТЖ жөніндегі Министр бұйрығымен бекітілген және әділет мекемелерінде тіркеуге жатпайтын. Енді осы қызмет ҚР Үкіметінің құзіретіне енеді   11 бап:

- азаматтық қорғау саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
- өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін, сондай-ақ атом энергиясын пайдалануға, магистральдық құбырлар мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызмет түрлері үшін, оларға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

- қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекітеді;
      - қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекітеді;
      - қауіпті өндірістік объекті қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидаларын бекітеді;

- қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдардың, кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызмет көрсету қағидаларын бекітеді.

Бұл дүниеде тұрақты ештеңе жоқ сияқты, уақыт өте келе біздің ҚР «Азаматтық қорғау туралы» жаңа Заңына да тағыда өзгерістер мен толықтылулар енгізілуі мүмкін

Әрине ҚР төтенше жағдайлар саласындағы азаматтық қорғаныс, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздік, сондай – ақ авариялық құтқару жұмыстары туралы  алты заң біріктіріліп ҚР нормативтік – құқықтық актілерінің сәйкестілігі. Адам мүддесін қорғайтын осындай үлкен сала ҚР ТЖ жөніндегі Министріне бағынады, сондықтан ҚР Заңы барлығына ортақ болу керек.

 

 

Н. З. Оспанов,

 Екібастұз

қаласының ТЖ басқармасы

тау-кен техникалық

өнеркәсіптік бақылау

бөлімінің басшысы