Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құтырма ауруы

Құтырма  – қоздырғышы адамдардың жануарлармен қарым-қатынасы  арқылы (иттерден, етқоректі жыртқыш аңдардың қауып алуы немесе сілекейін жұқтыруы арқылы) тарайтын жіті зооноздық, табиғи-ошақтық және антропургиялық вирустық жұқпалы ауру. Бұл ауруға шалдыққан адам орталық жүйке жүйесімен зақымдалады. Клиникалық белгілері: тез ашуланшақтық, агрессиялық, су, ауа, дыбыс, жарық қоздырғыштарына жоғары сезгіштік.

Ауруға дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілмесе адам өмірімен қош айтысады. Құтырма ауруымен жануарлар да, адамдар да ауырады. Құтырма ауруының таралуының негізгі көзі қараусыз қалған иттер, мысықтар және жабайы жануарлар.

Үйде  ұстайтын иттер мен мысықтарды кезбе және жабайы жыртқыш жануарлардан қорғау, жұқпалы аурудың алдын - алу  мақсатында  үй жануарларына вакцина салу – бұл құтырмаға қарсы іс-шаралар болып табылады.

 Үй жануарлары жабайы жануарлардан зардап шеккен жағдайда ветеринарлық мамандарға шұғыл хабарлаған жөн.

         Қауып алған жануарды өлтіруге болмайды,  себебі оны ветеринар мамандары құтырма ауруын анықтау үшін 10 күн бойы бақылауда ұстауы қажет.

Жануардан  жарақат алған жағдайдағы алғашқы іс-қимыл есіңізде болсын:

- жараның бетін  сабынды сумен бірнеше рет қайтара шайып жуыңыз;

- жараның жиегін спиртпен немесе йод ерітіндісімен зарарсыздандырыңыз;

- жараның бетіне таңғыш салып, дәрігердің көмегіне жүгініңіз.         

Қабаған иттерден әсіресе жасөспірімдерді қорғап жүріңіз, балаларды ешқашан бөтен иттердің жанында қалдырмаңыз. Сіздің балаңыз бөтен иттерге жоламау керегін күнделікті айтып отырыңыз.

Есіңізде болсын, Сіздің денсаулығыңыз - сіздің қолыңызда!

 

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасы

                                                                              азаматтық қорғаныс және төтенше

                                                                            жағдайлар бөлімінің бас маманы 

                                                                            М.К. Хамитова