Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.28.04. бастап 14ж.05.05. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1. 10 сағ. 15 мин. кілттің жоғалтып алғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті, ал қосымша кілт пәтерде. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, 4-қабаттың балконынан қауіпсіздік арқанын қолдана отырып 5-қабаттың балконына мінді, пәтерге кірді және пәтердегі қосымша кілтті алып, сыртқы есікті ашты.  

2. 09 сағ. 56 мин. қатты желдің әсерінен екі қабатты тұрғын үйдің төбесінен шифердің жұлынғаны туралы хабарлаған Екібастұз қ. ТЖБ кезекші әкімшілігінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, альпинистік жабдықтың көмегімен төбеге шықты және екі шиферді шегемен бекітті.

3. 20 сағ. 13 мин. құбырға бекітілген сомынға қызының саусағы тұрып қалғандығы жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сомынды екі бөлікке аралап кесті, содан соң саусағын шығарды.

4. 20 сағ. 17 мин. жер үйдің ауласына аз уақытқа шыққаны және 2 жасар баласы оның артынан есікті ысырмаға жауып қалғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті.  Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Зардап шеккендер жоқ.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

1-ші құтқару бөлімшесінің басшысы                                            С.Ю. Смирнов