kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

ХАТТАМАСЫ

2014-2016 жылдарға арналған «№1 станция энергоблогын қалпына келтіру бойынша

жұмыстарды өткізу» жобасы бойынша жұмыстарын орындау кезіңіне эмиссияға рұқсат

алу үшін жасалған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасын

қарау бойынша қоғамдық тыңдаулар 

ХАТТАМАСЫ

 

Тыңдауларды өткізу күні: 2014 жылдың 24 сәуірі;

Өткізілген орны: Екібастұз қ., «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

 

Қоғамдық тыңдаулардың ұйымдастырушысы: «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ-мен бірлесіп «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС.

 

Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпарат жұршылықтың назарына мынау арқылы жеткізілді:

 03.04.2014 ж. №13 (3023) «Голос Экибастуза» газетіндегі хабарландыру (мемлекеттік және орыс тілдерінде).

 

Қатысқандар:

- «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС – Л.А.Олейник;

- СЭҚ ММ – К.К. Иментаев;

- «Богатырь Көмір» ЖШС - О.В.Ярошенко;

- «ТҮКШ бөлімі» ММ-нің бас маманы - С. К.Дүйсекенова;

- «Ангенсор Энерго» ЖШС -  А.С. Новосёлова;

- Екібастұз қаласының тұрғыны – К.А. Абаева.

Барлығы қатысқандар – 29 адам (Қосымша 1).

                  

Күн тәртібі:

  1. «ТҮКШ бөлімі» ММ-нің бас маманы С.К. Дүйсекенованың кіріспе сөзі - 3 мин.

  2. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылауға ұсыныс  - 5 мин.

  3. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылау  - 5 мин.   

  4. Іс-шаралар жоспары жөнінде шешімдер және ұсынымдар қабылдау – 3 мин.

 

Сөз сөйледі:

  1. Күн тәртібінің бірінші пункті бойынша Екібастұз қ. әкімдігінің «ТҮКШ бөлімі» ММ-нің бас маманы С.К. Дүйсекенова сөз сөйледі.

  2. Күн тәртібінің екінші пункті бойынша 2014-2016 жылдарға арналған «№1 станция энергоблогын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды өткізу» жобасы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын -  «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы- Н.П. Рехтикова ұсынды.

  3. 2014-2016 жылдарға арналған «№1 станция энергоблогын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды өткізу» жобасы бойынша жұмыстарын орындау кезеңіне эмиссияға рұқсат алу үшін жасалған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылау.

 

Қоғамдық өкілдердің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертулері:

 

Сұрақ:  «ТҮКШ бөлімі» ММ-нің бас маманы  - С.К. Дүйсекенова

    

2014-2016 жылдары №1 станция энергоблогын қалпына келтіру жұмыстарын өткізу кезінде шыққан ластандыру заттарының көлемі?

Жауап: 2014 жылы №1 станция энергоблогын қалпына келтіру жұмыстарын өткізу кезіңде шығатын ластандыру заттардың көлемі 0,293 т/жылына, 2015 жылы – 0,722 т/жылына, 2016 жылы – 0,433 т/жылына құрайды.

2014 жылы өндіріс пен тұтыну қалдықтарының көлемі 2 915,9 т/жылына,  2015 жылы – 260,6 т/жылына, 2016 жылы – 3,4 т/жылына құрайды.  

 

Сұрақ: К.А. Абаева – Екібастұз қаласының тұрғыны

 

Екібастұз қаласының тұрғыны ретінде мені мынадай мәселе мазалайды: жер қыртысының бұзылуы мен ластануының алдын алу бойынша іс-шаралар бар ма?

Жауап: қоршаған ортаның ластануын болдырмау үшін топырақтың бұзылуының алдын алу бойынша іс-шаралар біріншіден әзірленді.

Жинақтау кезеңінде қалдықтарды орнпаластыру мен оларды утилизациялау қалыпқа келтірілген схема бойынша іске асырылады: күл шлактары күл үйіндісіне орналастырылады, қатты тұрмыстық қалдықтар кейін ведомстволық полигонға шығарылатын арнайы жабдықталған герметикалық контейнерлерге жинақталады.

 

Сұрақ:      К.К. Иментаев – Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік санэпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы.

 

№1 станция энергоблогының құрамына нелер кіреді?

Жауап: - типі Пп-1650-25,5-545 КТ П-57-3Р тікелей қамтылатын бу қазандығы, Т-тәріздес компоновка;

- бу турбинасы – К-540-23,5 конденсациялық;  

- типі ТГВ-500-2МУЗ  генераторы, ГП өндірген зауыты «Электротепмаш»;

- генераторды газбен қамсыздандыру жүйесі;

- генератор білігінің нығыздағышың маймен қамсыздандыру жүйесі;

- генератор статоры орамының сумен салқындату жүйесі

 

Сұрақ:   А.С. Новосёлова – «Ангренсор Энерго» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы

 

№1 станция энергоблогын жағу үшін отыннның қандай түрі пайдаланады?

Жауап: негізгі отын ретінде құрғақ салмағына орташа қүл қалдығы 42,5-43% құрайтын Екібастұз тас көмірі пайдаланады. Маркасы КСН (СТ РК 1383-2005).

 

Сұрақ:  «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС – Л.А.Олейник.

 

Түтін газдарын тазарту бойынша қандай іс-шаралар қарастырылған?

Жауап: 1) 2 секциялық, 4 жерге орнатылған «ALSTOM» фирмасының электр сүзгілерінде түтін газдарын күлден тазарту - КПД 99,4 %.;

2) техникалық іс- шаралар есебінен азот оксидтерінің пайда болуын азайту:

- 3- сатылы жағу жүйесін пайдалану;

- азот оксидтері аз шығатын төмен-эмиссиялық турбулент оттықтарын орнату;

- негізгі оттыққа 65% және шығарылатына 35 % арақатынасындағы ауа-тозаң қоспасын айырудың есебінен эмиссияның едәуір төмендеуіне NOx до 650 мг/м3 ықпал ететін, негізгі оттықтарға бастапқы ауаның өте төмен үлесімен  аэрокоспа беріледі.

 

Талқылаудың қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:

Талқылауға салынған 2014-2016 жылдарға арналған «№1 станция энергоблогын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды өткізу» жобасы бойынша жұмыстарын орындау кезіңіне эмиссияға рұқсат

алу үшін жасалған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасын қатысушылар мақұлдады. Әзірленген іс-шаралар «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС станциясының қоршаған ортаға тигізетін әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.

 

       Қоғамдық талқылаулар төрағасы:                                                           А.С.Черепенин

       «Булат Нұржанов атындағы

       Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бас инженері

        имени Булата Нуржанова»

       

   Қоғамдық талқылаулар хатшысы:                                                      Қ.С. Алтыбасарова                                                                                  

 

(Қосымша 1)

 

Қоғамдық талқылауларға қатысқандардың тізімі

 

  1. Л.А. Олейник
  2. К.К. Иментаев
  3. О.В. Ярошенко
  4. С. К. Дүйсекенова
  5. А.С. Новосёлова
  6. К.А. Абаева
  7. М.С.Дүйсембаев
  8. Р.А.Абдрахманов
  9. М.К.  Қалиев
  10. В.В. Сизиков
  11. Е.М.Сериков
  12. А.Е. Резуанов
  13. Д.А.Рахимов
  14. И.Н. Пшонко
  15. А.Ж.Орымбаев
  16. С.С. Мұстафин
  17. К.М.Насыров
  18. А.С.Молдаханов
  19. М.В.Лакирев
  20. А.О. Қозылбаев
  21. А.А. Адуова
  22. В.И. Времеш
  23. Ж.А.Доржинов
  24. Б.А.Кайралапова
  25. М.Н.Жадайханов
  26. Е.А. Ибраев
  27. А.С. Захаров
  28. Н.А. Құсайынова
  29. Т.М. Машуров

 

Барлығы қатысқандар 29 адам.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза