Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.21.04. бастап 14ж.28.04. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1.     19 сағ. 23 мин. cыртқы есік пәтердің ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан өз кілтімен сыртқы есікті аша алмай тұрғандығы, пәтерде 2 жасар баласы бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті.  Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Зардап шеккендер жоқ. 

2.     16 сағ. 58 мин. көп уақыт бойы пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, пәтерде жүрегі ауыратын 3-топтағы мүгедек күйеуі бар екендігі, есік қағысына және телефон қоңырауларына жауап бермейтіндігі, сыртқы есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, 4-қабаттың балконынан альпинистік жабдықтың көмегімен 3-қабаттың балконына түсті. Балконның есігі арқылы пәтерге кірді, ер адам бөлмелердің бірінде ұйықтап жатты.

3.     15 сағ. 15 мин. қатты желдің нәтижесінде бес қабатты тұрғын үйдің қатты шатырының темір құрылымының жұлынып алынғаны жөнінде хабарлаған Екібастұз қ. ТЖБ кезекші әкімшісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, КСК мердігерлерімен бірлесе, жұлынып алынған шатырды орнына тартып қойды.  

4.     15 сағ. 59 мин. желдің ұйытқуы арка үстіндегі ернеудің кесегін жұлып алғандығы, бір ғана сыммен ұсталынып тұрғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті.  Құтқарушылар оқиға орнына келіп, альпинистік жабдықтың көмегімен ілініп тұрған ернеуді шешіп алды.  

5.     19 сағ.30 мин. қатты желден балкон жақтауының құлау қаупі бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, жақтауды бекіттіп, қаупін жойды.

6.     12 сағ. 40 мин төбеден салбырап тұрған, қатты желмен спутниктік толқынжима жұлынғандығы, оның құлау қаупі бар екендігі жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орына келіп, альпинистік жабдықтың көмегімен төбеден толқынжиманы түсірді.

7.     10 сағ. 35 мин. шатырдың жұлыну қаупі бар екендігі жөнінде хабарлаған мектеп-лицейінің директорынан қоңырау түсті. Қатты желмен бекітілім негізінен проф.табақтары жұлынған. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, төбеге шықты және оның негізін негізгі бөренеге бекітті.

8.     18 сағ. 42 мин. Төбе жабындысының қаңылтыр табақтарының бөлігін жел жұлып алғандығы жөнінде хабарлаған бала бақша меңгерушісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, негізгі бөренеге табақтарды бекітіп, қауіпін жойды.

9.     14 сағ. 11 мин. құлпы желініп қалғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, пәтерде кіші жастағы төрт бала бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, желдеткіш арқылы пәтерге кірді, құлыпты бұзды және сыртқы есікті ашты. Зардап шеккендер жоқ.

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:  22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

 «ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

кинологиялық қызмет басшысы                                     Г.А. Куценко