Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ХАТТАМАСЫ

1 учаскесінің 2014-2017 жылдарға арналған күл үйіндісін қалпына келтіру бойынша жұмыстарды орындау үшін эмиссияға рұқсат алуға әзірленген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасын қарастыру бойынша қоғамдық тыңдаулар

 

ХАТТАМАСЫ

 

Өткізілетін орны: Екібастұз қ., «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

Тыңдауларды өткізу күні: 2014 жылдың 02 сәуірі;

Келген қатысушыларды тіркеу уақыты: сағат 11.00- де;

Тыңдаулардың ашылу уақыты:  сағат 11.05-де;

Қоғамдық тыңдаулардың ұйымдастырушысы: Екібастұз қаласының әкімдігімен бірлесе отырып «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

 

Газеттегі хабарландыру: 13.03.2014 ж. №10 «Голос Экибастуза» газеті (мемлекеттік және орыс тілдерінде).

 

Қатысқандар:

- «Ангенсор Энерго» ЖШС -  А.С.Новосёлова;

- «Казахстанская вагоностроительная компания» ЖШС - Л.А.Олейник;

- «Богатырь Көмір» ЖШС - О.В.Ярошенко;       

- «ТҮКШ бөлімі» ММ-нің бас маманы - С. К.Дүйсекенова;

- СЭҚ ММ – К.К. Иментаев;         

- Екібастұз қаласының тұрғыны - Д.Д.Мұқанова;

- ГРЭС-1 станциясының жұмыскері - Б.А.Қайралапова

Барлығы қатысқандар – 31 адам.  

 

Қоғамдық тыңдауларды өткізу үшін күн тәртібі, тыңдаулар регламенті бекітіліп, төраға және хатшы сайлануы қажет.

 

Тыңдаулардың төрағасы мен хатшысы сайланды (қарсылық жоқ):

                   Төрағасы – «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бас инженері

                           А.С.Черепенин;

                   Хатшысы – «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер Қ.С.Алтыбасарова

 

Күн тәртібі, регламент:

 

  1. «ТҮКШ бөлімі» ММ-нің бас маманы С.К. Дүйсекенованың кіріспе сөзі - 5 мин.

  2. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылауға ұсыныс  - 5 мин.

  3. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылау  - 5 мин.   

  4. Іс-шаралар жоспары жөнінде шешімдер және ұсынымдар қабылдау – 3 мин.

 

Сөз сөйледі:

 

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Н.П. Рехтикова 2014-2016 жж арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын ұсынды.

 

1. Күн тәртібінің бірінші пункті бойынша Екібастұз қ. әкімдігінің «ТҮКШ бөлімі» ММ-нің бас маманы С.К. Дүйсекенова сөз сөйледі:

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің станциясымен Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 57-баптың 3 тармағына сәйкес қоғамдық тыңдауларға «1 учаскесінің 2014-2017 жылдарға арналған күл үйіндісін қалпына келтіру бойынша» жұмыстарды орындау үшін эмиссияға рұқсат алуға әзірленген «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жұртшылықтың талқылауына ұсынылады.

1 учаскесінің 2014-2017 жылдарға арналған күл үйіндісін қалпына келтіру бойынша жұмыстарды орындау үшін эмиссияға рұқсат алуға әзірленген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылауға -  Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы    Н.П. Рехтикова ұсынады.

                                                                 

2. Күн тәртібінің екінші пункті бойынша «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Н.П. Рехтикова сөйледі.

 

3. 1 учаскесінің 2014-2017 жылдарға арналған күл үйіндісін қалпына келтіру бойынша жұмыстарды орындау үшін эмиссияға рұқсат алуға әзірленген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылау.

 

 

Сұрақ: О.В.Ярошенко – «Богатырь» кенішінің инженер экологы.

 

Күл-шлак қалдықтарын тасымалдануының ерекшелігі неде?

Жауап: Күл үйіндісі «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС өндіріс алаңына қарағанда деңгей бойынша 90 м.-ге төмен орналасқан. Ол күл-шлак тозаңының өздігінен ағу режимінде тасымалдануын ұйымдастыруға,  сонымен багер сорғылары мен ауыстыру арматураларысыз ГКТ сенімді жүйесін құруға мүмкіндік береді. Күл құбырлар трасасы құбырға лай тоқтамайтындай және тасымалдау қабілеті сақталатындай еңісте жоспарланып құрастырылған.

 

Сұрақ:   Д. Д. Мұқанова – Екібастұз қаласының тұрғыны

 

Екібастұз қаласының тұрғыны ретінде мені мынадай мәселелер мазалайды: күл үйіндісінің шығарылуы тұрғындарына, адамдардың денсаулықтарына және қоршаған ортаға қандай әсер етеді?

Жауап: күл үйіндісінің 1 учаскесін қалпына келтіру кезеңінде атмосфераны ластайтын заттардын шығарылуының, физикалық факторлардың әсері қысқа мерзімді сипатта болып күл үйіндісі алаңы шегінен шықпайды. Екібастұз қаласы және Солнечный поселкесінің тұрғын үй жайлары алыс орналасқандарына байланысты тұрғындардың денсаулығына тікелей әсер тигізбейді. Жобамен қарастырылған табиғатты қорғау жөніндегі іс-шаралар жұмыстарды өткізу кезеңіндегі экологиялық қатерді жоққа шығарады. Қоршаған ортаға залал келтіретін апаттық жағдайлардың болу мүмкіндігі жоқ.

 

Сұрақ:      К.К. Иментаев– Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік санэпидемиялық қадағалау басқармасының бас маманы.

 

Күл үйіндісін қалпына келтіру кезеңі?

Ответ: Күл үйіндісін қалпына келтіру 2014 жылдан бастап 2063 жылға дейін жыл сайын 30га алаңында біртіндеп жүргізілетін болады. Күл үйіндісін қалпына келтіру табиғатты қорғау іс- шарасы болып табылады, одан қоршаған ортаға жағымсыз әсер болмайды.

 

Сұрақ:   А.С. Новосёлова– «Ангренсор Энерго» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы

 

Атмосфералық ауаның этаптарының әсері туралы айтыңызшы?

Жауап: Бірінші этап, ол техникалық қалпына келтіру этапы, яғни оның үстінгі қабатын нығыздап тегістеумен күл үйіндісінің тегістеу, құнарлы жер қабатың төсеу. Одан кейін қалпына келтірудің биологиялық этапы басталады, ол бұзылған жерлердің флорасын жаңартуға бағытталған агротехникалық және орман шаруашылығының іс-шаралар кешенін қамтиды Биологиялық этап 4 жыл жалғастырылады. Күл үйіндісінде келесі жұмыстар жүргізіледі: көп жылдық өсімдіктерді іріктеу және топырақты дайындау, егу және егісті күту.

 

Сұрақ:   Б.А.Кайралапова - ГРЭС-1 станциясының қызметкері

 

Өсімдіктерді құнарландыру үшін қандай тыңайтқыштар қажет? Қандай өсімдіктер басым егіледі?

Жауап: Тыңайтқыштар ретінде: азотты, фосфорлы және калийлы тыңайтқыштарды пайдалануға ұсынылды.  

Жер азотты тыңайтқыштармен ерте көктемде құнарланады. Ол жапырақ аппаратының жер бетіндегі бөлігінің өсуіне дем береді.

Фосфорлы тыңайтқыштарды 3-4 жылда бір рет құйып-қосуға болады. Ол өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына ықпал етеді.

Калийлы тыңайтқыштарды күзде енгізу қажет, өйткені олар топырақтың терең қабаттарына нашар сіңеді. Олар жас өркендердің мықты болуына жауапты.

Бұл жерде мынадай өсімдіктер басым өседі:арпаған, жауқияқ,  бидайық, бетеге, чебрец, дала жалбызы және т.б.  

 

4. Талқылауға салынған 1 учаскесінің 2014-2017 жылдарға арналған күл үйіндісін қалпына келтіру бойынша жұмыстарды орындау үшін эмиссияға рұқсат алуға әзірленген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын жұтшылық мақұлдады. Әзірленген іс-шаралар «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС станциясының қоршаған ортаға тигізетін әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.

 

Тыңдаулардық аяқталу уақыты:  сағат 11.40.

 

Қоғамдық талқылаулар төрағасы,

Бас инженер                                                                             А.С. Черепенин                                                                                             

 

 

Хатшы:                                                                                      Қ.С. Алтыбасарова