kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Арай: Арыз

Сәлеметсіз бе, КСК Арай диспетчері өте дөрекі сөйлейді, қазақша білмейді, ал председателі қатты дауыс көтереді неге??? Телефонмен дұрыс мәдени сөйлесу ережесін білмейтіндігін көрсетеді. Бірде үйіміздің батареиінен су ақты КСК -ға звондадық бірақ сантехник жоқ бірақ жылуды өшіріп береміз , сантехникті жарнама бойынша өздерін іздеп табыңыздар деді. Таптық оңдады, саг 17.00 де диспетчер звондағанда жұмыс әлі бітпеген еді, сосын 17.00 ден кейін жылуды қоссақ 1000тенге деді, ал жұмыс уақытында тегін екендігін айтты. Сосын 17.30да жұмысымыз аяқталды, сантехникке звондадық ол келемін деді. Содан ол келмеді 1тун жылусыз болдық. Таңертең КСК Арайға звондадық диспетчер сантехник келген соң жіберемін деді. Содан түс болды, келмеді, звондасақ председатель 1000теңге төлесін депті. Не үшін??? Мен жұмыс уақытында звондап тұрмын ғой. Айтайын дегенім КСК Арай біздің үйімізді өз қарамағына алғанмен, құқығымызды бұзбасын, өз міндетін атқарсын. Кімдікі дұрыс, бұрысын айтыңызшы Жауабын асыға күтемін.

Құрметті Арай!

 

           Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің сайтына «Арай-7Эк» ЖМИК төрағасының жұмысына шағымы жөнінде жазған өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

          Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес, мемлекеттік мекемелерде және жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарда қазақ тілімен бірге ресми түрде орыс тілі де қолданылады.

          Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 42, 42-1 баптарын, яғни егер кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын тұлғалардың, сондай-ақ тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) ортақ мүлкін күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын үй-жайлардың (пәтерлердің) жекелеген меншік иелерінің өз міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне шығын келтірсе, осы тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шығындарды өтеуге міндетті. Сондай-ақ, ПИК жұмысына қанағаттанбаған жағдайда, осы ЖМИК қызметінен бас тартып және кондоминиум объектісін басқару ұйымының басқа түрін таңдауға  құқылы екеніңізді түсіндіреміз..

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде Сіз қабылданған шешімді қайта шағымдануыңызға  құқыңыз бар.

                                

  «Екібастұз қаласы әкімдігінің

  тұрғын үй инспекциясы  бөлімі»

     ММ басшысы                                                           Л. Векшина 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза