Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Оқыған адам табысқа жетер

23 сәуірде Екібастұз орталық кітапханасында Халықаралық кітап күніне орай іс-шара өтті.

Кітапхананың іші шарлар, кітап пен оқу туралы дәйексөздермен көркемделді.

Мереке "Очарование" би ансаблінің испан биінен басталды.

Библиограф Е. Г. Щебетун тыңдармандардың назарына "История возникновения праздника - Международный день книги и авторского права. Книжные столицы мира" атты презентацияны және қызықты кітаптар туралы, кітаптарға арналған ескерткіштер, кітапханалар бейнероликтерін ұсынды.

Библиограф С. А. Левина әлемдік және Қазақстандық беллитристикаға электронды шолу жасады.

№ 2 және № 3 кітапхананың меңгерушілері Т.Ю. Хохлова мен А.З. Худайбердиева "Хочешь быть лидером - читай!" атты викторина өткізді.

Шара " Оқыған адам табысқа жетер" анкетасымен аяқталды.