kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Жеңіс Күніне орай әлеуметтік көмек туралы

2014 жылы Екібастұзда Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдарға Жеңіс күніне орай 15,9 млн. теңге сомасына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған және төлемдер ағымдағы айда басталған.

Бүгінгі күнге әлеуметтік көмек 11 млн. теңге сомасында төленді.
40 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне – 127788 теңгеден (69 айлық есептік көрсеткіштер) жалпы сомасы 5 111,5 мың теңгеге. Сонымен қатар әрқайсысына 5 мың теңге сомасына азық-түлік жиынтықтары қарастырылған.
1768 жеңілдіктері бойынша ҰОСҚ мен ҰОСМ теңестірілген адамдарға 3334 теңге мөлшерінде (1,8 АЕК) жалпы сомасы 5894,5 мың теңгеге, оның ішінде 1679 еңбек майданының қатысушыларына, қоршауда болған 1 адамға, 67 ҰОСҚ мен ҰОСМ жесірлері мен әйелдеріне, 10 концлагерлердің тұтқындарына, 8 мүгедек болып қалған әскери қызметшілерге, 3 басшы және қатардағы құрамының адамдарына және ерікті жалдамалы құрамдағы жұмысшылар.
         Ағымдағы жылы Павлодар облысы бойынша атаулы және мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлері бірыңғай болып табылады.
         Сондай-ақ, 167 Ауғаныстандағы ұрыс-қимылдарына қатысушыларына 25928 теңге (14 АЕК) және 56 Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға тiкелей қатысқандарға 6482 теңге (3,5 АЕК) мөлшерінде төлемдер жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үйді ағымдағы жөндеуге 800 мың теңгеге дейін әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Соғысқа қатысушылардан жөндеу жұмыстарына 7 өтініш қабылданды, бұған 5,6 млн.теңге қарастырылған.

Т.Б. Ахметовтың үйінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Дәлізден ванна бөлмесі мен сантораб жасалды, сондай-ақ 8 пластикалық терезе орнатылды.
Қалған алты пәтердің жөндеу жұмыстары қатысушылардың қалауы бойынша көктем-күз мезгілдерінде жүргізіледі.

Сонымен қатар, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне дәрі-дәрмек сатып алуға 1 АЕК мөлшерінде ай сайын көмек көрсетіледі және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер мен абоненттік төлем бөлігіндегі байланыс қызметтері бойынша ай сайын шығындар 100 % өтелмек.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза