Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Кәсіпкерлік негіздеріне үйретті

«Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпараты бойынша 2014 жылғы 17 сәуірде  бөлімнің ақпараттық-көрмелік орталығында 2012-2020 жылдарға Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне семинар өткізілді.

Семинарға Екібастұз қаласының және Құдайкөл, Байет, Қоянды ауылдық округтерінің тұрғындары қатысты.

«Кәсіпкерлік және инновацияны дамыту орталығы» ЖШС-нің өкілдері бизнес идеялардың ұғымы, таңдауы, бағасы, бизнес жоспарларын әзірлеудегі бөлімдері мен тәртібі туралы түсіндірді.

Семинарға 20 адам қатысты және семинар соңында сертификаттар табысталды.