Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ақпарат

Екібастұз қаласында 4812 мүгедек тұрып жатыр, оның көп бөлігі 2086-ы – 2 топтағы мүгедектер, 1637-і 3 топтағы мүгедектер және 564-і 1 топтағы мүгедектер.
Аурулар саласында басым бөлігін 2580 немесе 53,6% жалпы ауру бойынша мүгедектер құрайды, 715-і (14,8%) – психикалық аурумен, 627-і (13%) – бала кезінен мүгедек, 543-і (11,2%) – көру кемістігімен, 351-і (7,2%) тірек-қозғалу аппараты бұзылған, 124-і (2,5%) – есту кемістігімен, 112-і (2,3%) туберкулез ауруымен. 
550 мүгедек немесе мүгедектердің жалпы санынан 11,4% ауылдық жерлерде тұрады. 1-топтағы мүгедектер - 70 адам, 2-топтағы - 222 адам, 3-топтағы – 196 адам, 19 адам арбаға таңылған).

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» қолданыстағы Заңды орындау және 2012-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар Жоспарының І кезеңін (2012-2013 жылдар) іске асыру мақсатында, нысандарды паспорттау жөніндегі жұмысты  үйлестірген жұмыс тобының құрамына «ӨМІР» ШОО» ҚБ, «ҚЗҚ» ЕОӨК» ЖШС мүгедектердің үкіметтік емес ұйым өкілдері енгізілді.

Қызмет саласына қарай нысандарға қол жеткізу деңгейін тікелей тексеруге, анықтауға, нысандарға кедергісіз орта құру үшін өзгерістерді талап ететін элементтердің (параметрлердің) болуын тексеру үшін шағын жұмыс топтары құрылды.
Қызмет түрінен шыға отырып 104 нысанға тізілім қалыптастырылды:
Мемлекеттік басқару-5 – «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала салу бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі,  «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Денсаулық сақтау-10 – «Қан орталығы» МҚКК, «Перзентхана үйі» КМҚК, «Психоневрологиялық диспансері» КМҚК («Тері-венерологиялық диспансері КМК, «Наркологиялық диспансері» КМК), «№1 емхана» КМК, «Қалалық аурухана» КМК, «Қалалық аурухана» КМК (балалар корпусы), «Екібастұз туберкулезге қарсы аурухана» ММ, «№2 емхана» КМК, «№3 емхана» КМК, «Жедел жәрдем станциясы» КМК.

Білім беру  - 73 – ЖБОМ – 2,3 (Зерде), 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 16, 17, 18, 21, 22, 23, 24, 26, 28, 33, 35, Балалар сурет мектебі, «Қайнар» білім беру-бос уақыт кешені, Балалар музыка мектебі, Ақкөл ОМ, Өлеңті ОМ, Шідерті ОМ, Шідерті ОМ (Зеленая Роща ауылы), Төртүй ОМ, Марғұлан ОМ, Сарықамыс ОМ, Қарасор ОМ, Атығай ОМ, Құдайкөл ОМ, Құлакөл ОМ (Майқайың ст.), Қарасу ОМ, Бәйет ОМ, Бозшакөл оқу кешені-мектебі, Шиқылдақ ОМ, Төрт-Құдық ОМ, Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ, «№4 Екібастұз колледжі» КММ, «Политехникалық колледжі» КМҚК, ЕИТИ Екібастұз колледжі», «№18 Екібастұз колледжі» КММ, «Инновайон. Еуразия Екібастұз колледжі» ЖШС, Екібастұз гуманитарлық-техникалық колледжі» ЖШС, «Екібастұз медициналық колледжі» МҚКК, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 13, 14, 15, 16, № 17 Солнечный к., № 18, № 20, № 23, № 24 бөбектер-бақшасы, Шідерті к. б/бақшасы.

Дене шынықтыру және спорт - 6 – «Спортсервис» МКҚК, № 1, № 2, № 3, № 4 БЖСМ КМҚК, «Жасыбай» БЖСМ КМҚК.
Мәдениет - 5 – «Атамұра» мәдениет орталығы КМҚК, «Өнер» ҚМО КМҚК, «Достық үйі» КМҚК, «Бос уақыт өткізу орталығы» КМҚК, «Орталық кітапхана жүйесі» ММ.

Басқалар - 5 – «Екібастұз-дауысы» ақпараттық орталығы» ЖШС, «Өмір» ШОО ҚБ, «ХҚКО» АМК ЕФ, ЗТМО, «Автовокзал» ЖШС.
Сондай-ақ тізілім кәсіпкерліктің 27 нысанымен толтырылды, бұнда мүгедектердің нысандарға жүйелі баруларына мүмкіндіктер бар (дәріханалар, сауда үйлері, нарықтар, шаштараздар), атап айтқанда «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Банк Тұран Әлем» АҚ ЕФ, «Казкоммерцбанк» АҚ ЕФ, «Каспий банк» АҚ ЕФ, «Темірбанк» АҚ ЕФ, «Еуразия банкі» АҚ №16 филиалы, «Заман банк» АҚ, «Альянсбанк» АҚ ЕФ, «Цесна банк» АҚ ЕФ, «АТФ Банк» АҚ ЕФ, «Сбербанк России» АҚ ЕФ, «Юность», «Доброта» дәріханалар, М. Жүсіп 52, 27 мекенжайындағы әлеуметтік дәріханалар; Кречетова ЖК дәріханасы; «Нарық» ЖШС, «Болашақ» ЖШС, «Maxi moll» сауда ойын-сауық орталығы, «Cinema center» ЖШС («Қазақстан» кинотеатры), «Сәуле» СО 19 шағын ауданы, «Дәрия», «Нұр», «Балалар әлемі», «Достық», «Шахтер» СҮ, «Богатырский» әмбебабы.

Осы нысандардың басшыларымен семинар өткізіліп, паспорттауды өткізу мақсаты мен тәртібі түсіндірілді.

Бүгінгі күнге ҚнменЕ талаптарына сәйкес сілтеусіз кәсіпкерліктің 14 нысаны бойынша пандустар бар.

Нысандардың қолжетімділігін мониторингілеу және кедергісіз ортаны қамтамасыз етуді құру мүгедектермен құрылған қоғамдық бірлестіктерге жүктеледі. Мониторингілеу нәтижелері мүгедектерді оңалту мәселелері жөніндегі жұмыс отырыстарында тыңдалады.

«Халықтың аз мобильді топтары үшін ғимараттардың қолжетімділігі» 35-01-2001 ҚНменЕ сәйкес келуі тұрғысынан қоғамдық және өндірістік ғимараттарда пандустарды тексеру 20 нысанда бар пандустар талаптарға сай келмейді: ТҮКШ, ЖК мен АЖ, Салық комитеті, «Қазпошта» АҚ, ЗТМО, «Өнер» ҚМО, ИнЕУ колледжі, «Заманбанк» АҚ, Екібастұз политехникалық колледжі, «Отан» РҚБ, «Өмір» ШОО, «Қазақтелеком» АҚ, «Қ. Пшембаев атындағы №18 Екібастұз колледжі» КММ, қаржы бөлімі, «Ромат» және «Доброта» әлеуметтік дәріханалар, Екібастұз қаласының ІІБ, білім бөлімі, «№ 2 емхана» КММ, Екібастұз қаласының әкімдігі, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі.

102 мекеме бойынша ғимараттарға қол жетімділігі паспорттары ұсынылды, оның ішінде 104 нысан мүгедектердің қажеттіліктеріне объектілерді бейімдеуге бағытталған кешенді іс-шаралар өткізуге мұқтаж. 
Бүгінгі күнге 104 нысанның ішінен  жалпы сомасы 305,0 млн.теңгеге  қайта жабдықтауға жататын 87 нысан бойынша шығындар құнының қажеттілігі анықталды.
Қазіргі кезде барлық қалалық маршруттарды «Вольво», «Хайгер», «ХуанХай», «Скания» маркалы 55 қолайлы автобустар қызмет көрсетеді.
Автобуста орнатастырылған тұтқалар және автобустың төменділігі мүгедектердің кедергісіз шығып-түсуіне мүмкіндік береді. Жолаушылар мен жол жүктерін тұрақты тасымалдауға арналған автобус салонының алдыңғы жағында мүгедектерге арналған арнайы орындар қарастырылған. Осы орындар орналасқан жерде ақпараттық таблолар орнатылған.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шеңберінде қозғалуда қиындық көретін мүгедектерге әлеуметтік қызметтік 5 түрі бойынша көліктік қызмет көрсету ұйымдастырылды.

«Өмір» шығармашылық оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігімен бірнеше жылдан бері «Инватакси» арнайы автокөлігімен арбаға таңылған мүгедектерді көлікпен тасымалдау қызметтері мен Павлодар қаласынан мүгедектердің тұрғылықты жеріне дейін кресло-арбаларды, сурдо-, тифлотехникалық құралдарды жеткізу қызметтері ұсынылады.
Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға алғашқы рет келесі үкіметтік емес ұйымдар тартылды:

- «Альтернатива» қоғамдық қоры, мүгедектің тұрғылықты жеріне дейін гигиеналық құралдарды жеткізу жөніндегі көліктік қызметтерді, сондай-ақ гемодиализ бойынша медициналық қызметтерді алу үшін мүгедектерді көлікпен тасымалдау қызметтерін ұсынады;

- «Жарық» зағиптар қоғамының Екібастұз Оқу-өндірістік орталығы қоғамдық қоры, мүгедектерге тифлотехникалық құралдарды жөндеу қызметтерін ұсынады.
Жоғарыда аталған әлеуметтік қызметтерді қаржыландырудың жыл сайынғы сомасы 19750,9 мың теңгені құрайды.

Мүгедектерге жалпы пайдаланыстағы көліктік құралдарға кедергісіз кіруіне, еркін бейімделуіне және қозғалуына жағдай жасау мақсатында  мүгедектерге қызмет көрсетуге бағытталған мекемелер орналасқан жерде 11 жол белгісі мен көрсеткіштер, дыбыстық құрылғысы бар 2 жаяу жүргіншілер өтпесі орнатылды.
Сөйтіп, ағымдағы жылы «Өнер» ҚМО бағындағы ойын кешенінің ашылуына байланысты, «Мүгедек» арнайы жол белгісі орнатылған. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, жол белгілерін орнату қажеттілігі жаңа объектілерді ашу кезінде шешілетін болады.

Қазіргі кезде жол белгілерін түгендеу өткізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша қоғамдық бірлестіктердің келісімімен арнайы қосымша жол белгілерін орнату туралы мәселе қарастырылады.

Сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес елдi мекендердi жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу және  абаттандыру кезiнде мүгедектердiң тұрғын үйлерге, қоғамдық және әлеуметтік объектілерге, үй-жайларға кiрiп-шығуы қамтамасыз етіледі. Осы талаптар объектілерді қабылдау кезінде ескеріледі. 2013 жылы «Халықтың аз мобильді топтары үшін ғимараттардың қолжетімділігі» 35-01-2001 ҚНменЕ сәйкес музыка мектебі, Бәйет ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт және қалалық әлеуметтік дәріханалар орналастырылған екі ғимарат пайдалануға берілді.
2012-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Екібастұз қаласының темір жол вокзалында жолаушылар вагондарына мобильді топтардың кедергісіз мініп-шығуын қамтамасыз ету туралы мәселені шешу үшін «ҚазақстанТемірЖолы» АҚ, «Вокзалсервис» АҚ басшылығының атына хаттар жіберілді.