Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХI сессиясы

2014 жылдың 18 сәуірі Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХI сессиясы өтті.

«Қазақстан -2050: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбын арқау еткен алқалы жиынға Қақазстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсултан Назарбаев қатысты. Сессия жұмысына Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйым мүшелері, зиялы қауым, еліміздің әр облысындағы этномәдени бірлестіктердің 400–ден астам өкілі келді. Павлодар облысынан 36 делегат, соның ішінде З делегат Екібастұз қаласынан – Достық Үйінің директоры Макарчук Л.Н., қала маслихатының депутаты, КХА мүшесі Абдинов Э.Р. және жуыр арада құрылған өзбек ЭМБ төрағасы Баракаев Сулейман.