kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Халқын ұлықтаған ұлы тұлға» атты тақырыптық дәріс

Академик, ғалым Әлкей Марғұланның 110-жылдығына арналған қалалық шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында тарихи-өлкетану музейінде білім беру бөлімімен бірлесе отыра, 2014 жылдың 14 сәуірінен  8 мамырына дейін «Халқын ұлықтаған ұлы тұлға» атты тақырыптық дәріс өткізілуде.

Ғалым-энциклопедияшы, археолог, филология ғылымдарының докторы, Бүкілодақтық  Географиялық қоғамның толық мүшесі, ҚазКСР АН академигі, профессор,   ҚазКСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері   Әлкей Хақанұлы Марғұлан  1904 жылы 10 мамыр күні қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданының территориясындағы ауылда дүниеге келген, Абылай ханның жалаугері – Олжабай батырдың шөбересі.

Әлкей Марғұланның  бай ғылыми мұрасы қазақстандық ғылымның көптеген саласын қамтиды: археология, этникалық тарих, мәдениет және өнер тарихы, этнография және филология. Жазба ескерткіштерді, рухани мәдениет пен қазақ халқының фольклорын зерттеуде маңызды үлес қосты. Қазақстанның көптеген археологиялық ескерткіштерін, сонымен қоса, кейінгі қол дәуірінің – Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашып, зерттеді. 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза