Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы Халел Бекбергенұлы Хамметовті 85 жылдық мерейтойымен құттықтады

2014 жылдың 16 сәуірінде қала әкімі Александр Вербняк Екібастұз қаласының құрметті азаматы, Қазақ КСР-і ағарту ісінің үздігі, еңбек ардагері Халел Бекбергенұлы Хамметовті 85 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Қала басшысы қадірлі ақсақалға мықты денсаулық, рухани сергектік, амандық тілеп, әдемі оюлы шапан, ақшалай сыйлықақы және құттықтау хат табыс етті.

Х. Б.  Хамметов Павлодар облысы Баянауыл ауданының Сарыжол ауылында дүниеге келген. 1951 жылы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді. 1963-1969 жж. екібастұздағы № 2 жұмысшы жастар орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1969-1977 жылдары - Екібастұз еңбекшілері депутаттары қалалық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1979-1989 жж. - № 3 жұмысшы жастар орта мектебінің директоры. 1989-1994 жж. - қалалық фильмотека директоры. 1998-2002 жж. - Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы болды. Қазақстан мұғалімдерінің ІV, V, VІ съездерінің делегаты. КСРО медальдарымен марапатталған.