Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.14.04. бастап 14ж.21.04. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1.   19 сағ. 20 мин. құлпы желініп қалғандықтан, пәтерінің сыртқы есігін аша алмай тұрғандығы, пәтерде 3 жасар баласы бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Бала пәтерде болды. Зардап шеккендер жоқ.

2.  13 сағ. 46 мин. кафенің ас бөлімінде тұндыру станогында ер адамның саусақтары қысылып қалғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, слесарлық құралдың көмегімен шнектік механизмді ашты және қолын босатты. Қысылып қалғанды алып шығып, «жедел жәрдем» қызметкерлеріне тапсырды.

3. 16 сағ. 02 мин. үйіне келіп, сыртқы есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан өз кілтімен есікті аша алмай тұрғандығы және пәтерде әрекетке қабілетсіз 8 жасар баласы бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, бала пәтерде  болды.  

4. 19 сағ. 49 мин. төбеден жерге секіргісі келетін бес қбатты үйдің төбесінде әйел тұрғандығы жөнінде хабарлаған үйдің тұрғыны - әйелден қоңырау түсті.  Оқиға орнына келіп, құтқарушылар үйдің жанында жерде жатқан жас қызды тапты, «жедел жәрдем» және полиция қызметкерлерін шақыртты. «Жедел жәрдем» келген соң медициналық жұмыскерлерге зардап шеккенді «жедел жәрдем» көлігіне салуға көмектесті.

5. 19 сағ. 49 мин. көп қабатты үйдің бір подъезі қатты түтіндеп жатқандығы және пәтерлердің бірінде кіші жастағы балалар бар болу мүмкіндігі жөнінде хабарлаған 101 диспетчерінен қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, штормдық сатының көмегімен 3-қабаттың балконынан тұрғындардың бірін көшіріп, өрт қауіпсіздігі қызметкерлерімен подъездің пәтерлерін тексеруді жүргізді.

 

 ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

        Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ»

 3-құтқару бөлімшесінің басшысы                                        Оспанов М.М.