Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың тапсырмасымен су тасқынынан зардап шеккен Атбасар тұрғындарына Екібастұз гуманитарлық көмек көрсетті

2014 жылдың 16 сәуірінде Екібастұз қаласы Ақмола облысы Атбасар ауданының көктемгі су тасқынына ұшыраған тұрғындарына ең қажет азық-түлік: ұн, қарақұмық, макарон, күріш, қант, өсімдік майы, шай,  бұқтырылған консервілер,  сүт, жалпы 10 тоннадай гуманитарлық көмек жіберді.

Бұған қолдан келерлік жедел көмекті қаланың «Богатырь Көмір» ЖШС, «Екібастұздың МАЭС-2 станциясы» АҚ кәсіпорындары,  «Еркен» ШҚ, «Екібастұз қаласының муниципалдық базары» ЖШС, «Іске сәт» базары, «Иртыш Интер Фуд» ЖШС сияқты шағын және орта бизнес ұйымдары көрсетті.