Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014 жылғы 1 сәуірдегі жағдайы бойынша 2014 жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ақпарат

2014 жылғы 1 сәуірдегі жағдайы бойынша 2014 жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ақпарат

 

Салалық бағдарлама – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (республикалық бюджет).

Бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» (105 қатысушы).

Жалпы сомасы 261,4 млн.теңгеге 11 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде:

білім беру нысандарын жөндеу бойынша 4 жоба (39,06 млн.теңге).

Ақкөл ЖБОМ – қаржыландыру сомасы 8956,21 мың теңге (РБ-8060,59 мың теңге, ЖБ-895,62 мың теңге), терезелерді, есіктерді ауыстыру;

Сарықамыс ЖБОМ – қаржыландыру сомасы 8525,07 мың теңге (РБ-7672,56 мың теңге, ЖБ-852,51 мың теңге), қатты шатырды күрделі жөндеу;

Майқайың ЖБОМ – қаржыландыру сомасы 10956,48 мың теңге  (РБ-9860,83 мың теңге, ЖБ-1095,65 мың теңге), қатты шатырды күрделі жөндеу;

Қарасор ЖБОМ – қаржыландыру сомасы 10619,24 мың теңге  (РБ-9557,32 мың теңге, ЖБ-1061,92 мың теңге), электрмен жабдықтау жүйесін күрделі жөндеу.

Осы нысандардың бағдарламалар әкімшісі «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Білім беру нысандары бойынша конкурстық рәсімдер басталды, ашу ағымдағы жылғы 7 сәуірге жоспарланған.

36 жаңа жұмыс орнын, оның ішінде табысы аз, жұмыссыз азаматтардың арасынан Бағдарлама қатысушылары үшін 18 жұмыс орнын құру қарастырылған.

Инженерлік-көліктік инфрақұрылым нысандарын жөндеу бойынша 3 жоба (137,5 млн.теңге):

Бесқауға ауылындағы Екібастұз-Бесқауға автомобиль жолдарын күрделі жөндеу – 122923,4 мың теңге (РБ-110631,1 мың теңге, ЖБ-12292,3 мың теңге);

Құдайкөл ауылындағы кірме жолдарын ағымдағы жөндеу (РБ-10161,5 мың теңге, ЖБ-1129,1 мың теңге);

Марғұлан атындағы ауылдың жолдарын ағымдағы жөндеу (РБ-2932,6 мың теңге, ЖБ-325,8 мың теңге).

Осы нысандардың бағдарламалар әкімшісі «Павлодар облысының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Инженерлік-көліктік инфрақұрылым нысандары бойынша конкурстық рәсімдер басталды, «Екібастұз-Бесқауға» автожолдарын күрделі жөндеу бойынша ашу ағымдағы жылғы 14 сәуірге жоспарланған. Құдайкөл және Марғұлан атындағы ауылдардың жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша  ашу ағымдағы жылғы 18 сәуірге жоспарланған. Құрылатын жұмыс орындарының саны табысы аз, жұмыссыз азаматтардың арасынан 48 орын.

«Екібастұз қаласының №3 БЖСМ» КМҚК ғимаратын күрделі жөндеу – 28033,04 мың теңге (РБ-25229,74 мың теңге, ЖБ-2803,304 мың теңге).

Осы нысанның бағдарламалар әкімшісі «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Шідерті кентіндегі № 3 БЖСМ ғимаратын күрделі жөндеу бойынша конкурс өткізілді. Қызметтерді жабдықтаушы «Вулкан ЛТД» ЖШС болып табылады, Павлодар қаласы. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылғы 20 сәуірде басталады.

19 жаңа жұмыс орнын құру, оның ішінде табысы аз, жұмыссыз азаматтардың арасынан Бағдарлама қатысушылары үшін 10 жұмыс орнын қарастырылған.

денсаулық сақтау нысандарын жөндеу бойынша 3 жоба (56,9 млн.теңге) -

Төртүй ауылындағы АДА ғимаратын күрделі жөндеу (Екібастұз қаласының «№3 емханасы» КМҚК) – 11559,33 мың теңге (РБ-10403,4 мың теңге, ЖБ-1155,9 мың теңге);

Солнечный кентіндегі АДА күрделі жөндеу (Екібастұз қаласының «№2 емханасы» КМҚК) – 27802,56 мың теңге (РБ-25022,3 мың теңге, ЖБ-2780,3 мың теңге);

Ақкөл ауылының МП күрделі жөндеу (Екібастұз қаласының «№1 емханасы» ЖШҚ КМК) – 17521,02 мың теңге (РБ-15768,9 мың теңге, ЖБ-1752,1 мың теңге).

Осы нысандардың бағдарламалар әкімшісі «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Денсаулық сақтау нысандары бойынша ашу ағымдағы жылғы 10 сәуірге жоспарланған. Құрылатын жұмыс орындарының саны табысы аз, жұмыссыз азаматтардың арасынан 28 адам.

55 жаңа жұмыс орнын, оның ішінде табысы аз, жұмыссыз азаматтардың арасынан Бағдарлама қатысушылары үшін 28 жұмыс орнын қарастырылған.

11 жоба бойынша құрылған жұмыс орындарының жалпы саны 207 жұмыс орынды құрайды, оның ішінде 104 Бағдарлама қатысушыларына ұсынылады.

Нысандарды жөндеу қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті жабдықтаушылармен Жұмыспен қамту орталығымен жоба іске асырылатын елді мекендерде тұратын адамдарға Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының қатысушыларына «Жұмыспен қамту орталығына» құрылған жұмыс орындарының кем дегенде 50% ұсыну туралы келісім жасалды.

Ауылдық округтердің әкімдеріне табысы аз, жұмыссыз азаматтарды жөндеу жұмыстарына тарту қажеттілігі туралы хаттар жіберілді.

 

Екінші бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту».

Кәсіпкерлік негіздеріне Бағдарламаның 10 қатысушысы оқытылады (кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық рәсімдерді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өткізеді, оқытуды ағымдағы айда бастау жоспарланып отыр).

Микрокредиттік ұйым анықталды – «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ Павлодар филиалы.

Осы бағыт бойынша микроқаржыландыруға жалпы сомасы 82,5 млн.теңгеге 30 тапсырыс берілді, оның ішінде жеке ісін ашуға 1,5 млн.теңге сомасына 1 тапсырыс (Құдайкөл ауылы – жартылай фабрикаттарды өндіру цехы), мал шаруашылығын дамытуға жалпы сомасы 80,8 млн.теңгеге 29.

(1-Теміржол а/о, 3-Қоянды а/о, 3-Бәйет а/о, 2-Сарықамыс а/о, 3-Екібастұз а/о, 8-Ақкөл а/о, 3-Шиқылдақ ауылы, 1-Төрт-Құдық ауылы, 5-Бесқауға ауылы, 1-Ә. Марғұлан атындағы ауыл).

ИКИ деген қажеттілікке 27 адам тапсырыс берді, оның ішінде 1-электрмен жабдықтау, 1-сумен-, электрмен жаюдықтау, кәріз және 25- блок-модулдерге.

Ағымдағы жылы ИКИ жобаларын іске асыруға өткен жылдың кредиттері бойынша 20,6 млн.теңге бөлінді (қажеттілігі 9 блок-модулдер (2- Ә. Марғұлан атындағы ауыл, 1-Сарықамыс а/о, 1-Шідерті кенті, 2-Бәйет а/о, 1-Теміржол а/о, 1-Қоянды а/о, 1-Шиқылдақ ауылы), яғни 27,0 млн.теңге.

Құрылыс бөлімімен 5 блок-модулдерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер аяқталып жатыр.

 

 

Үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу». (170 қатысушы)

а) Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру.

Ағымдағы жылы кәсіптік оқыту бойынша жоспар 30 адам, оның ішінде кәсіптік қайта даярлау бойынша – 25 адам, біліктілігін арттыру – 5 адам.

Топтар қалыптасты. Оқытуды ұйымдастыруға арналған шарт Кадрларды даярлау орталығымен жасалды.

Кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға қаржыландыру сомасы 4263 мың теңге, оның ішінде қайта даярлауға 3800 мың теңге, біліктілігін арттыруға 463 мың теңге. Қаржыландыру жоспары бойынша қаржыны игеру ағымдағы жылдың сәуір-шілде айларына жоспарланған.

б) Әлеуметтік жұмыс орындары

Ағымдағы жылы 80 әлеуметтік жұмыс орнын құру жоспарланған, қазіргі кезде 76 адам жұмыс істеп жатыр.

2014 жылға ӘЖО қаржыландырудың жылдық жоспары 15,8 млн.теңге.

г) Жастар тәжірибесі

Жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастыру жоспары 60 адам, қазіргі кезде 53 адам жастар тәжірибесінен өтіп жатыр.

Еңбекақылары айына бір адамға 17,2 АЕК-31854 теңге есебінен есептеледі.

ЖТ бойынша қаржыландырудың жылдық сомасы 11,5 млн.теңге.


         Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша

2014 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің бағдарламаларын іске асыруға 375,2 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

44,3 млн.теңге – жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға

Қоғамдық жұмыстарға – 25,2 млн.теңге. жыл басынан 150 жұмыссыз жіберілді, 5,5 млн.теңгесі игерілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына – 19,1 млн.теңге. Жыл басынан 96 жұмыссыз жіберілді, 2,6 млн.теңгесі игерілді.

206,6 млн. теңге - әлеуметтік көмектің өзге түрлерін төлеуге

9,3 млн.теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге. Жыл басынан 54 отбасыға (162 алушы) төлем жүргізілді, 1,9 млн.теңгесі игерілді.

36,0 млн.теңге – тұрғын үй көмегін төлеуге. Жыл басынан 1648 отбасыға төлем жүргізілді, 12,3 млн.теңгесі игерілді.

148,9 млн.теңге – жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек төлеуге 10000 адамнан аса. 19,7 млн.теңгесі игерілді.

6,5 млн.теңге – үйден оқытылатын 147 мүгедек балаға материалдық қамсыздандыруды төлеуге.

5,9 млн.теңге – 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыларды төлеуге. Жыл басынан 140 отбасыға төлем жүргізілді (285 бала), 1,5 млн. теңгесі игерілді.

42,0 млн.теңге – мүгедектерді оңалту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға.

Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шеңберінде мүгедектерге көрсетілетін қызметтердің 9 түрі бойынша 24,6 млн.теңге сомасына 2 мемлекеттік сатып алу өткізілді;

20,4 млн.теңге сомасына электрондық конкурс тәсілімен гигиеналық құралдарды сатып алу.

82,3 млн.теңге – уақытша болу жағдайында (ӘБО) және үй жағдайында (ӘҚКО) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер) – 298 жалғыз басты қарт зейнеткерлерге үйде қызмет көрсету; 120 мүгедек балаға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға (46,8 млн.теңге);

Тұрақты мекені жоқ тұлғаларға арналған бейімделу орталығы (уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер) – ай сайын 50 адамға қызмет көрсету (35,5 млн.теңге).

 

 

                     «Екібастұз қаласы

  әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және

   әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік

               мекемесі басшысының м.а.                                           Ә. Базарбаева