Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.07.04. бастап 14ж.14.04. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1.     12 сағ. 13 мин. подъезге шыққанда өкпек желден есігі жабылып қалғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған зейнеткерден қоңырау түсті.  Құтқарушылар оқиға орнына келіп, саты арқылы желдеткіштен пәтерге кірді және сыртқы есікті ішінен ашты. 

2.     13 сағ. 22 мин. қатты жел шатырдың жартысын жұлып алғандығы жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, төбеге шығып, шатырдың жұлынған бөлшектерін алып тастады.

3.     10 сағ. 51 мин. желдің ұйытқуы оның балконының төбесін құлатып жатқандығы жөнінде хабарлаған жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, балконның төбесін бұзды, төбе жабындысынан қаңылтыр табақтарын балконға қойды.      

4.     12 сағ.29 мин. балконға шыққандығы және оның кіші жастағы қызы балконның есігін ішінен жауып қойғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, 3-қабаттың балконынан екінші қабаттың балконына түсті, желдеткіш арқылы пәтерге кіріп, балконның есігін ашты. Бала пәтерде болды.

5.     09 сағ. 12 мин 5 жасар баласы саусағына сақинаны киіп, саусағы ісіп және сақинаны өздігінен шеше алмайтындығы, құтқарушылардың көмегі керек  екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті.   Құтқарушылар оқиға орнына келіп, тістеуіктің көмегімен баланың саусағын босатты.    

 

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

 «ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

2-құтқару бөлімшесінің басшысы                                     Б.К. Жұмағожин