Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Кітап әлеміне саяхат»

№ 24 инновациялық типтегі жалпы орта білім беретін мектепте балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы  аясында «Кітап әлеміне саяхат» атты қалалық мереке өтті.

Ең бірінші балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы 1943 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде өтті. Атақты жазушы Лев Кассильдің ұсынысы бойынша Мәскеуде тұңғыш рет Апталық ашылды.

Осы күнгі біздің қуанышымызбен ой бөлісуге «Академкнига» дүкенінің директоры Г.К. Калиева,  білім бөлімінің бас маманы Г.С. Искакова және мектеп кітапханашылары келді. Пошташы Печкин достардан жедел құттықтау хат әкелді, бірақ оны ашып оқу үшін алдымен «Что любит книжка?» ойынын өткізіп, жасырылған жұмбақтарды шешкізді.

         Оқушылар кітаптың сиқырлы әлеміне саяхат жасады. 4 «А» сынып оқушылары «По страницам любимых книг» викторинасына қатысып, жаңа әдебиеттермен танысты. Осы күні осы іс-шараларға немқұрайлы қатысып отырған  және көңілсіз болған оқушылар болған емес, себебі қуаныш пен шаттық көңіл-күй ортасы басым болды.

Людмила Бруцкая,

№ 24 орта мектебінің кітапханашысы