Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тараз қаласының ҚР ТЖМ кинологиялық есептерін аттестаттау

2014 жылдың 1 сәуірінен 5 сәуіріне дейін Жамбыл облысы, Талас ауданы, «Беркқара» шатқалы, «тау самалы» лагерінде ҚР ТЖМ кинологиялық есептерді аттестаттау өтті. Осы аттестаттауға жасақтың үш іздеу-құтқару иттері қатысты: Ромул атты неміс авчаркасы, Брайт атты неміс овчаркасы, Юкса атты неміс овчаркасы.

Осы аттестаттауға бармай тұрып, жасақтың кинологиялық қызметінің жаттықтыру сабақтарының жоспарына сәйкес, «техногендік апат жағдайында зардап шеккендерді іздеу» және «табиғи апат жағдайында зардап шеккендерді іздеу» оқу кезеңдеріне шығу сабақтары өткізілді, жасақтың кинологиялық полигонында «Тіл алғыштығын және ептілігін тексеру» кезеңін өту үшін иттерді жаттықтыру өткізілді. Дәл жол жүрудің алдында иттер «үздік» бағасына барлық кезеңдерді жеткілікті сауатты өтеген, осы кезеңдерді өтеудің бақылау сынақтары өткізілді, иттердің жұмысына ешқандай ескертулер болған жоқ.  

Аттестаттаудың бірінші күні біздің иттер «Тілалғыштығын және икемдігін тексеру» кезеңің өтті. Барлық иттер «сынақ» алды. Екінші күні барлық иттер «табиғи апат жағдайында зардап шеккендерді іздеу» атты кезеңінен өтіп, бақылау уақытында екі статистті өтеді және «сынақ» алды. Үшінші күні «техногендік апат жағдайында зардап шеккендерді іздеу» кезеңінен өтті, бақылау уақытында барлық иттер екі сынақтық статисттерді өтеп, «сынақ» алды.

Кезеңдерден бос уақытта иттер оқу-жаттықтыру сабақтарына қатысты.

Барлық иттер жыл сайынғы ҚР ТЖМ кинологиялық есептерді аттестаттаудың емтихандарынан сәтті өтіп, ТЖ аймағында іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге кәсіби жарамдылығын растады.

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

     Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

кинологиялық қызметінің басшысы                                         Куценко Г.А.