Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Екібастуз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы №20/1 қаулы
(Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 қаңтардағы №12-3-315 тіркелді)
 
Екібастұз қаласының мүгедектері
үшін жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
 
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы 7-бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік нысанына қарамастан, Екібастұз қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру жолымен квоталық жұмыс орындарына мұқтаж мүгедектердің жұмысқа орналасуларына ықпал етуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі
А. Вербняк