Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Нұрын шашқан әз Наурыз

Ақкөлдіктер  Ұлыстың Ұлы күні жыл басын ерекше көңіл күймен қарсы алды.  Наурыз - шынайы шаттық пен мейірімнің көрінісіндей жақсы әсер қалдырды. Ұлыстың Ұлы күніне орай өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында ұйымдастырылған  ұлттық ойындардан өткен бәсеке де  көпшіліктің көңілін көтеріп, қолдауына ие болды.

1200м жабағы жарыста І орынды шабандоз Төлеу Диас (жабағы иесі А.Макажанов), ІІ орынды шабандоз Алпысов Ильяс (жабағы иесі Д.Жандарбеков), ІІІ орынды шабандоз Калыков Айдос (жабағы иесі Қ.Кожахметов) иеленді. 

«Жілік сындыру» сайысы да қызықты өтті. Ақкөл және Жайылма ауылының азаматтары сынға түскен бұл сайыста Жайылма ауылының азаматы Хамзин Азамат жеңімпаз атанды.

Кір тасын көтеруден І орынды Егінбаев Еркебұлан, ІІ орынды Уахитов Айбын , ІІІ орынды Ерболатов Мереке иеленді.